06.05.2024

Оқушылардың смартфон ұстауына тиым салу керек пе?

Қазақстан бірінші арнасындағы "пендеміз ғой" ток шоуында оқушыға смартфон пайдалы ма, әлде, зиян ба? деген тақырыпты талдаған еді. Сіз не дейсіз?

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Қазіргі уақытта орта білім саласы нашар дегенге өз басым қосылмаймын. Егер әр мектептегі ұстаз творчествалық ізденіс пен айналысып, өздерінің методикалық шеберліктерін дер кезінде жетілдіріп отырса оған еш кедергі жоқ. Қазіргі уақытта ғаламтордан күнделікті оқу жоспарынан бастап, керек нәрсенің бәрін табуға болады. Ұстаз әр сыныптағы оқушыларының дайындығы мен психологиялық ерекшеліктерін біле отырып алдыңғы қатардағы методикалық әдістерді қолдана алса, ол оқытушы әр уақытта табысты еңбек етеді. Техникалық құралдарды қолдана білу барлық мұғалімдерге қажет нәрсе, ТҚ-ды пайдалану оқытушының сабақ процесінде уақытын үнемдеуге мол әсер етеді. Яғни айтқанда оқытушы кейбір үлгермейтін оқушыларымен дифференциальдық, индивидуальдық жұмыстар жүргізе алады. Смартфон мәселесіне келсек, ол оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін жетілдіруге кері әсерін тигізеді. Оқушы өзіне керек нәрсені смартфон арқылы интернеттен тауып алып жауабын жаза салады, ал ол жауап жадында сақталмайды. Екінші жағынан, қымбат смартфондар оқушылардың арасында «мен де бар да, сен де жоқ» деген пікір тудыруы мүмкін. Ал, оның аяғы неге апаруы мүмкін екендігі белгілі. Бұл менің жеке пікірім, қалғанын ата-аналар балалары мен кеңесе отырып өздері шешетін шығар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь