28.04.2024

Бекболат Қайрат. Тригонометриялық теңсіздік

Оқу орталығы жұмысымен шұғылданғаннан бері білім саласының басқа бір қырын түсінгендеймін. Біздің білім жүйесі жаңа басқышқа өрлемесе ертең 30 ел емес, таза 80 елдің қатары да арман болғалы тұр... Дамыған біраз ел қашықтықтан оқытып диплом беріп, сапалы маман тәрбиелеуге көшті... Ал, бізде ше? Ауыл мектептері түгіл Астананың кейбір мектептеріне дені дұрыс компьютердің өзі, қаладан 30 шақырым ұзасаң интернеттің өзі арман... Онлайн деген біздікілер үшін тек формалды есеп беру жолы... Бар кабинеттер мұражай болып тұр... Бізге соңғы кездері шалғай ауылдардан, облыстардан, қалаға келіп оқуы қиын ауылдардан хабарласатын оқушылар мен ата-аналар көбейіп кетті... Мектептен сұранып бір аптаға, екі аптаға келіп кетеді... Қиналған тақырыптарын сұрап, орталықтан күні бойы шаршап шығады... Соны ойлап, бізде алыстағы оқушыларға да бір мүмкіндік беруді қарастырсақ деп, ары ойланып бері ойланып, мектеп бағдарламасындағы ҰБТ- де келетін, жұрт қиналатын біраз тақырыптарды өзіміз онсыз да оқушыға үйретеміз, сол сабақтарды видеоға түсіріп алып, көптің керегіне берсек деген мақсатта видео сабақтар түсіруді бастадық. Алдағы күнде әр пәннен ең қиын тақырыптарды орталықтың арнасы www.youtube.com/kazbilimtv дан көре аласыздар... Әріптестер, оқушыларыңызға айта жүрсеңіздер болады... Жыл соңына дейін 100 сабақ түсірсек деген ниет бар... Алаңдамаңыздар бәрін тегін көруге болады.... Осы уәде бойынша сабақтар жалғасуда, бұл жолы Республкалық «KAZBILIM» орталығының жоғары санатты математика пәні мұғалімі Бекболат Қайраттың №1 видео сабағы. Тригонометриялық теңсіздік  

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь