ЖАҢАЛЫҚТАР Жастарды оқыту мен кәсіби бағыттау: «Жарқын Болашақ» бағдарламасы

Жастарды оқыту мен кәсіби бағыттау: «Жарқын Болашақ» бағдарламасы

0

Еліміздегі моноқалалардағы мәселелердің бірі — мамандардың тапшылығы. Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы да осыған тап болған. Бұл мәселелерді шешу мақсатында «Жарқын Болашақ» бағдарламасы іске қосылып, өңір жастарына еліміздің үздік колледждері мен мектептерінде білім алу мүмкіндігін ұсынады. Бағдарлама жастардың ірі қалаларда білім алып, кәсіби ортаға бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы «Жарқын Болашақ» бағдарламасының кураторы Назерке Дабылды айтты.

Бағдарламаға Жаңаөзен, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу және Мұнайлы аудандарының оқушылары қатыса алады. Қатысушыларға 65 оқу орны, оның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Павлодар және Семей қалаларындағы жоғары оқу орындары ұсынылады. Бағдарлама жасөспірімдерді тіл меңгеру, психологиялық бейімделу тренингтері мен мәдени іс-шаралар арқылы қолдайды.

Сонымен қатар, жастар кәсіби дағдыларды (SMM, видеография, аспаздық) тегін меңгеріп, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік алады. Бағдарлама түлектерін жұмысқа орналастыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда 118 түлектің 112-сі жоғары оқу орындарына түскен.

«Жарқын Болашақ» бағдарламасы жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасап, олардың еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді.

Exit mobile version