ЖАҢАЛЫҚТАР Мектеп асханаларында улану оқиғасы: Тоқаев тағам сапасын қалай бақылауды тапсырды?

Мектеп асханаларында улану оқиғасы: Тоқаев тағам сапасын қалай бақылауды тапсырды?

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушыларын сапалы тағаммен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Мемлекет бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардың балаларына мектептерде тегін ыстық тамақ беру шараларын жүзеге асырып келеді. Алайда, тағамның сапасы басты назарда болуы керек. Жақында Маңғыстау облысында балалардың улану жағдайы орын алып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Мұндай оқиғалардың қайталануына жол беруге болмайды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қатаң бақылау қажет. Бұл мәселе өте маңызды, себебі біз оқушыларды күмәнді тағаммен тамақтандыра алмаймыз, – деп атап өтті Тоқаев.

Президент халықаралық тамақтану стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Оның пікірінше, мектеп асханаларында оқушылардың өсіп келе жатқан ағзасына қажетті барлық қоректік заттар ұсынылуы керек. Бұл мәселеге қатысты тиісті құрылымдар мектеп асханаларындағы тағамның сапасын арттыру үшін кешенді шараларды қолға алуы қажет. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кәсіпорындар оқу орындарының серіктесі ретінде мектеп асханаларында дұрыс және теңгерімді тамақтану мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаруы тиіс, – деп сөзін қорытындылады Президент ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында.

Exit mobile version