ЖАҢАЛЫҚТАР Абай облысында шенеуніктердің жалған дипломы әшкереленді: Мемлекеттік мекемелерде білім деңгейі қандай болу...

Абай облысында шенеуніктердің жалған дипломы әшкереленді: Мемлекеттік мекемелерде білім деңгейі қандай болу керек?

0

Абай облысында прокуратура «Семей орманы» МОТР қызметкерлерінің жалған дипломмен жұмысқа орналасқанын анықтады.

Абай облысының прокуратурасы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бес қызметкері, соның ішінде бір филиал басшысының жалған дипломмен жұмысқа орналасқанын әшкереледі. Прокуратура мәліметі бойынша, бұл тұлғалар жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған құжаттарды пайдаланып қызметке орналасқан.

«Шәкәрім атындағы Семей университетінің мәліметтері бойынша, аталған тұлғаларға университет тарапынан ешқандай диплом берілмеген», — деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттар жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер заң алдында жауап беретін болады.

Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстанда жалған құжат қолдану жағдайлары жиі тіркеліп келеді. Мысалы, жақында Ақмола облысында жалған жүргізуші куәлігімен жүрген тұлға ұсталған болатын.

 

Exit mobile version