ЖАҢАЛЫҚТАР Білім бөлімінің бухгалтері 4,5 миллион теңгені ұрлағаны үшін сотталды

Білім бөлімінің бухгалтері 4,5 миллион теңгені ұрлағаны үшін сотталды

0

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау аудандық білім бөлімінің бухгалтеріне қатысты сот үкімі шықты.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, бухгалтер өз атына және бөлім қызметкерлерінің атына негізсіз жалақы мөлшерін ұлғайтып, заңсыз қаржы аудару арқылы жалпы сомасы 4,5 миллион теңгені құрайтын бюджет қаражатын жымқырған.

Сот барысында оның кінәсі толық дәлелденіп, тергеу барысында мемлекетке келтірілген залалдың толық көлемде өтелетіні белгілі болды.

Айыртау аудандық сотының үкімімен ол 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартылып, сол мерзімде қаржы және мемлекеттік ұйымдардағы материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы мен Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін әркім кінәсіз деп саналады.

Exit mobile version