2024 жылдың басынан бастап 97,5 мыңнан астам қазақстандық, оның ішінде 47,4 мың жұмыссыз азамат Skills Enbek платформасында онлайн-курстардан өтіп, сертификат алғаны хабарланды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Платформада барлығы 483,9 мың қазақстандық тіркелген, олардың 122,5 мыңы 2024 жылы қосылған.
47,4 мың жұмыссыздың 14,6 мыңнан астамы негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының жастары.
Платформа іске қосылғаннан бері 616 курс ұсынылды, олардың 281-і тегін. Сонымен қатар, оқуды жалғастыру үшін Courstore, Fluent Education және Яндекс.Қазақстан серіктестерінің курстары да бар.
Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін болуы мүмкін.
Қазан айындағы ең танымал курстардың қатарында «Әлеуметтік жұмысқа кіріспе», «Отельдегі сату бөлімін құру», «Кассир», «Әлеуметтік жұмыстың негіздері» және «Страховой агент» бар.
Платформада әлеуметтік қызмет көрсету, IT технологиялар, туризм сияқты салалар бойынша жаңа тегін курстар саны артып келеді.
Бұған дейін хабарланғандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсіби дағдыларын арттыруға, мансаптық өсуге ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» ұстанымын насихаттауға бағытталған. Ол халықаралық онлайн оқыту алаңдарына ұқсас жұмыс істейтін маркетплейс қағидатында құрылды.
Оқытуға https://skills.enbek.kz/ сайты арқылы немесе enbek.kz-те «Онлайн оқыту» бөлімінен тікелей қол жеткізуге болады.
Платформада білім алушы оқытудың өзіне ыңғайлы қарқынын, тілін және материалды ұсынудың ыңғайлы тәсілін таңдай алады, сонымен қатар өз оқуын бақылап отырады.
Оқушы үшін артықшылықтары: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақ құрылымының түсініктілігі, оқу процесін бақылау және авторлармен жылдам байланыс жасау мүмкіндігі.
— Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы тест тапсыруы керек, ол 70%-дық минималды деңгейде болуы тиіс. Курсты сәтті аяқтағаннан кейін дағдыларды меңгергені туралы сертификат беріледі. Курстың міндетті шарты — студенттің курсты бағалауы, — делінген министрліктің хабарламасында.
Сертификат Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркелген кезде, білім алушының түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыс іздеу кезінде әлеуетті жұмыс берушілер курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификатты көре алады.
Платформа авторлар мен әзірлеушілерге онлайн-курстарды тегін орналастыруға мүмкіндік береді. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы мүмкін, сондай-ақ материалдар әртүрлі форматта: мәтін, презентация, бейнемазмұн, инфографика және басқа түрлерде ұсынылады. Платформа ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ыңғайлы интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін де қарастырады.
Курс авторларына арналған ыңғайлы құралдар: сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігі, прокторинг жүйесі, сертификат дизайнының әртүрлі нұсқалары және оқу құнын алдын ала есептеуге арналған калькулятор бар.
2023 жылдың желтоқсанынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады. Қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеуге болады.
Платформаға тіркелу және пайдалану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда «ЕРДО» АҚ қызметкерлерімен байланысуға болады: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі: 877, 878, 888).