Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астрахань, Омбы және Орынбор қалаларындағы этникалық қазақтар тұратын өңірлерде қазақ тілінде оқытатын қазақ-орыс мектептері ашылатынын хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мәдениетін насихаттау мәселелері туралы айтқан болатын. Осы тұрғыда бүгін Қазақстанда орыс тілінде білім беретін үш бірлескен мектептің ашылу мүмкіндігі талқыланды. Лавровтың айтуынша, қазақстандық әріптестеріміз Орынбор, Омбы және Астраханьда қазақ тілінде оқытатын осындай бірлескен мектептерге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы ол бүгін Астанада өткен брифингте мәлімдеді.
Қазірдің өзінде Ресейде қазақ тілін оқыту ісі басталып кеткен. Бұл негізінен этникалық қазақтар көп қоныстанған аймақтарда жүргізілуде.
2021 жылғы халық санағы бойынша Ресейде 591 мыңнан астам қазақ тұрады, олардың басым бөлігі Астрахань, Орынбор, Омбы және Саратов облыстарында тұрады.
Сонымен қатар, қазір Алтай мен Омбы облыстарындағы мектептерде қазақ тілі оқытылуда. Омбы облысының 11 мектебінде қазақ тілі Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде міндетті пән болып саналады.