ЖАҢАЛЫҚТАР Білім беру инфрақұрылымын жетілдіруге дайын инвесторларды іздейміз- Тоқаев

Білім беру инфрақұрылымын жетілдіруге дайын инвесторларды іздейміз- Тоқаев

0

Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға дайын инвесторларды іздейді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Өздеріңіз де білетіндей, Қазақстан қара және түсті металдарды өндіру мен экспорттауда әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Сонымен қатар, ел әлі де Қазақстанда, жергілікті жерде өндірілуі мүмкін қымбат тауарлар мен жиынтықтауыштардың импортына айтарлықтай дәрежеде тәуелді. Таяуда қабылданған Инфрақұрылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі ұлттық жоспары жергілікті өндірушілер үшін кең мүмкіндіктер ашады. Құны 86 миллиард доллардан астамға бағаланатын 200-ге жуық ауқымды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жеткізу келісімшарттары негізінде жергіліктендіруге арналған өнімдердің тізімін жасайтындығын айтты.

«Өнеркәсіптік өсім үшін жоғары білікті жұмыс күші қажет. Сондықтан да мен 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияладым. Біз Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға және білім беру инфрақұрылымын жетілдіруге дайын инвесторларды іздейміз», — деді Президент.

Exit mobile version