Home Жаңалық ШҚО білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды

ШҚО білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды

0

Шығыс Қазақстан облысының білім ордаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев өңірдегі балабақша, мектеп, колледж директорларымен кездесті. Бұл кездесудің мақсаты – ата-аналардан заңсыз ақша жинау фактілеріне жол бермеу.

«Осы жылдың 4 айында облыстағы білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды. Ал 2020 жылдан бері есептегенде осындай 58 қылмыс тіркелген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы – 221 млн теңге. Бүгінде соның 83 млн теңгесі өндірілді», – дейді Талғат Башев.

Оның айтуынша, заң бойынша ата-аналардан мүлде ақша жинауға болмайды. Сондай-ақ балабақша, мектеп, колледж басшылығына қаржылай және заттай сыйлық беруге тыйым салынған.

Осындай фактілерге куә болып жатқандарға 1424 жедел орталығына немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ШҚО бойынша департаментінің 8(7232)-29-88-88 нөміріне хабарласуға болады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version