Қарағанды медицина университетінің қайта құрылуына байланысты оқу орнынан 3-4-курс студенттері саналатын 218 студент оқуын жалғастыру мүмкіндігінен айырылды. Университет жоғары білім мен кәсіптік білім беру бағдарламаларына қойылатын біліктілік талаптарын растамады.
“Облыс әкімдігі университет тарапынан студенттер арасында тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілмегеніне алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл жағдай білім алушылар мен оқытушылар үшін қосымша қиындықтар туғызды. Әкімдік студенттер мен қызметкерлер үшін жағымсыз салдарларды азайту және білім беру процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде”, – деп мәлімдеді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта студенттерді басқа медициналық колледждерге ауыстыру және колледж педагогтарын жұмысқа орналастыру мәселелері қарастырылуда.