ЖАҢАЛЫҚТАР Республикалық бюджет есебінен: Оқу-ағарту министрлігі блогерлерден жарнама сатып алмақ

Республикалық бюджет есебінен: Оқу-ағарту министрлігі блогерлерден жарнама сатып алмақ

0

Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының имиджін жақсарту мақсатында, блогерлер мен мобилографтарды тарту жоспарлануда. Олар Instagram, TikTok және Facebook әлеуметтік желілерінде “Жұмысшы мамандықтары жылы” және “Еңбек адамы” хэштегімен подкасттар мен бейнероликтер жасайтын болады.

Бұл бастама Президент Тоқаевтың 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялауымен байланысты.

Оқу-ағарту министрлігі “Жұмысшы мамандықтары жылы” аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарын ұсынды. “Ашық НҚА” порталында “Жұмысшы мамандықтарының имиджін насихаттаудың 10 қадамы” деп аталатын құжат жарияланды.

Құжатта танымал блогерлермен экономиканың түрлі салаларындағы жұмысшылардың жетістіктері туралы подкасттар түсіру қарастырылған. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарының артықшылықтары мен мүмкіндіктерін танытатын посттар, онлайн челендждер мен роликтер жасау жоспарланған.

Министрліктің мәліметінше, әрбір бейнемазмұн белгілі бір саланың жетістіктерін көрсететін нақты тұлғаның тарихына арналады.

Сонымен қатар, блогерлер мен мобилографтар арасында “Еңбек адамы” үздік бейнесі үшін конкурс ұйымдастырылып, рилс форматындағы қысқа бейнелер арқылы жұмысшы мамандықтарының оң имиджі қалыптастырылады.

Бұл шаралардың барлығы республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын болады, алайда нақты сома әлі белгісіз.

Exit mobile version