Сайт жасау
 |  | 

Білім жарысы

Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған павлодарлық оқушы Мәскеуге шақырту алды

 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас — Байтанаев оқулары-7» атты xалықаралық конференцияда павлодарлық оқушының жобасы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

— Мұндай xалықаралық шара осымен жетінші рет өтуде, — дейді ұйымдастырушылардың бірі, ғылыми зерттеу жұмыстары бөлімінің басшысы Жанат Ибрагимова. — Осы жылы конференция жинақтары үш том болып басылды. Жыл сайын қатысушылар саны артуда. Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан және тағы басқа елдерден 400-ден аса жұмыс келіп түсті. Шет елді айтпағанның өзінде Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Түркістан, Павлодар өңірлері  бақ сынады.

Аталмыш жиында Павлодар облысының намысын қорғаған Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Рамазан Дәуренбекұлы бүкіл әлемге ортақ сөздер арқылы бір тілде сөйлейтінін дәлелдеуге тырысты.

— Бұл жұмысты өткен жылдан бері жазып келемін, — дейді 8 сынып оқушысы. — Қазіргі таңда әлемге ортақ 100 сөз таптық. Мақсатым —  қазақ тілі білімінің ғылымына жаңа көзқарас алып келу. Шын мәнінде әлем xалықтарының сөздерін қазақ тіліндегі сөздермен салыстыра қарағанда қызық жәйтке тап боласыз. Ағылшындарда hot деген сөз бар. Ол «ыстық» деген мағына береді. Ал бізде осымен дыбыстас «от» деген сөз бар. Міне, біз осыдан кейін бір лексика-семантикалық топтағы түрлі тілдерде фонетикалық үндес сөздерді жинақтай бастадық.

Жас ғалымға жетекшілік жасап жүрген ұстазы Бақдәулет Нұрматтың айтуынша, бұл тақырып көпшіліктің қызығушылығын тудырып, конференция барысында қызу талқыға түскен.

— Биылғы жылдың көктемінде осы тақырыппен Мәскеуде өтетін конференцияға қатысуға шақырту алдық, — дейді ұстазы. —  Студент кезден осы жобаға деген қызығушылық болатын. Ресей мен Сауд Арабиясы елдерінде осы жұмыс туралы баяндамалар жарияланды. Бүгінде шәкіртім әлемге ортақ сөздерді іздестіру арқылы дүние жүзіндегі әртүрлі елдерді өзара жақындастыра түседі деген ойдамын.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog