|  | 

Ұрпақ тәрбиесі

Ұрпақ өнегесі -қоғам болашағы

Күннен -күнге қарыштап дамып бара жатқан ақпараттық қоғамда    таусылмайтын  өзекті мәселе – ұрпақ тәрбиесі.  Өйткені  болашақтың тізгіні   білімді, тәрбиелі, адамгершілігі мол жастардың қолында деп жатамыз…

Шығыс әмірлерінің бірі әл Фарабиді сарайына арнайы шақырып, мынандай сауал қояды: – Уа, Екінші ұстаз, менің мемлекетімнің болашағы қандай күйде болмақ? Болжалыңды естігім келеді, − дейді. Сонда әл  Фараби: – Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін, − деген екен.   Он бір ғасыр бұрын айтылған көрегенділік.  Қалай таңданбассың?

Шынында  да,  еліміздің  өркендеуі  жастарымызбен,  олардың  білімі, тәрбиесімен  тығыз байланысты.  Ұлы өркениет  философы  оқу-ағарту мен тәрбие  туралы,  еңбек  мәдениеті туралы ілім  жасады.  «Адамға, ең бірінші, білім  емес,  тәрбие  берілуі керек.  Тәрбиесіз берілген  білім – адамзаттың қас  жауы» деген даналығы  бала тәрбиесіндегі  басты  ұранымызға айналды  десек,  небір  даналар ойлаған  тәрбие  ұғымы туралы ой  толғау да қиынның қиыны  екен.  Әл Фарабидің сөздерін  жазғаннан  кейін «не жазам?» қиналып біраз  отырдым.  Ойыма  Қазақстан Жазушылар Одағының  мүшесі, профессор  Мырзагелді  Кемелдің  кітабы түсті.  Руханият әлеміне бойлататын,  парасаттылыққа  үндейтін  бұл шығарма – тұнып тұрған  тәрбие  ғой.  Оқырмандарға  менің ойым  қажет емес, осы  кітап  пайдалы  деген  ниетпен жазушының  ой-толғауынан  жазғанды  жөн  көрдім. Конфуций, Сенека сынды  ойшылдар  ілімін, Толстой, Шәкәрім тағылымдарын бүгінгі өмірмен, қоғаммен байланыстыра отырып,  құндылықтарымыз  туралы  тамаша әңгімелеген екен. «Абзалдық әліппесі» тақырыбындағы әкесінің  ұлына  айтқан өсиетінің өзі – бір  мектеп.  Сол  оқығандарымнан  үзінді келтіре  қояйын:

1.Өзіңді-өзің  тежеуді үйрен  және  оны  ұдайы  жаса, себебі өзін-өзі  тоқтата алмайтын  адам тежегіші  жоқ  машина сияқты.

2.Қызғанба және  қызықпа.  Адамның  көзі  өзгенікін өзінікінен бұрын  көреді,  оған әдеттенбе. «Алтын  тақта  алтын  асықпен ойнап  отырып, көршілерінің күміс  қасығына көзін  сатады» деген  мәтел  бар.

  1. Шыдамсыз болма. Шыдамсыздарға қымбатқа түсетін  нәрсені шыдамдылар  тегін  пайдаланады.

4.Айнаға  өкпелеме. Ұрпағың – айнадағы өзің. Ұрпағыңа бүгін  еккеніңді бірнеше жылдардан  кейін  аласың: мінез, тағдыр, келешек.

5.Балаларыңа жәрдем  бере тұрып, оларды  өздеріне-өздері жәрдем беруін талап  ет,  әйтпесе оларда кедергіні бұзу қабілеті – табандылық, мінезділік  болмай  қалады. Байқайсың ба, құс  балапандарына  аузымен тамақ  береді, бірақ өз бетімен ұшуды  үйрету үшін көтеріп ұшып, биікке шыққанда тастап жібереді.

6.Белгілі бір  мақсатқа  жету  үшін  қарапайым  нәрседен-ақ бастау  керек. Алдымен, темірдей тәртіп пен  айқын логика керек. Бизнесті сезіне білу табиғи  дарындылықпен бірге, асқан төзімділік  пен еңбекқорлықты  қажет  етеді. Сонымен  бірге  біліктілік, адами мәдениеттілік қажет. Өзін-өзі ұстай  білу, сыпайыгершілік, қиындыққа мойынсұнбайтын табандылық керек.

  1. Кішіпейіл жандардың бір қасиеті – бойына біткен қарапайымдылығынан көзге  түссем  деуден  аулақ, елеусізденіп, кішірейіп  жүре  береді. Ал шын  мәнінде  олардың бойында  асыл қасиеттер мол болады.  Бірақ оны жұрттың бәрі біле бермейді,  екінің бірі  көре  бермейді. Себебі,  адамшылыққа  астасқан  жан  сұлулығы — жүректің  тереңдігіндегі  нәрсе, бір сәті  түсе кетпесе жарқ етіп жарыққа шыға  бермейді ғой…

Оқыған, түйсінген  адамға  осы жолдардың  өздері де әсер  етеді  деп  ойлаймын. Ұрпағымыз саналы, тәрбиелі  болса, отбасымыз  бақытты, еліміз өркениетті болары хақ.  Адамды  тәрбиелейтін  нәрсенің  бірі -кітап. Ұялы телефонмен өсіп келе жатқан  балаларымызға кітап  оқытудың  өзі қиын болып  бара жатқаны  рас.  Мектепте  түрлі  шаралар  өткізу  арқылы, жаңа кітаптарды  насихаттау  арқылы  кітап  оқуға  шақырамыз.  Менің ойым өсіп  келе  жатқан  жеткіншектеріміз бауырмал,  өнегелі, елін  сүйген, халқын құрметтейтін  патриоттар болса  екен деген тілектен шыққан еді.  Мырзагелді Кемелше  айтқанда «артық ақылдымсып, түсіндіремін деп көп әуреленіп кетсем, оқырмандар кешірер… Жеткізу- бізден, қабылдау-қабылдамау еркі өзіңізде».

 

                                                                                                   Бисенова Ләззат  Бірлесқызы
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық  ауданы
Абай атындағы мектеп-
гимназияның  қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Бейсен Құранбек: «Жұмыста менің 7 атам бар. Ол кімдер дейсіздер ғой?»

    Бейсен Құранбек: «Жұмыста менің 7 атам бар. Ол кімдер дейсіздер ғой?»

    Бірінші атам — Бауыржан Момышұлы. Баукең өзіне ұнамаса да, шындықты айтып кетті. Ал, біз олай ете алмаймыз. Өйткені, өзімізді жақсы көрсеткіміз келеді. Бауыржан ештеңе ойламады. Тек шындықты ғана қолдады. Сол үшін де халық Бауыржанды батыр санады. Мен жұмыста тек шындықты айтуды талап етемін. Шындықты айтпасақ, жұмыс ешқашан алға баспайды. Мәселен, бір қызметкеріме тапсырма беремін. Ол

  • Ұрпақ тәрбиесіне жанымыз ашыса

    Ұрпақ тәрбиесіне жанымыз ашыса

    Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы екенін жиі айтамыз. Мен – бүгінгі ұрпақ тәрбиесі, ертеңгі ұлт болашағын қалыптастырумен балабақшада айналысып отырған маманмын. Жақында жүз жылдық мерейтойын атап өткен бас басылым бетінде былтыр шыққан «Жасына жетпей қартайған балдырғандар» атты мақаладағы мәселе мені соңғы уақытта жиі мазалап жүр. Өйткені дәл осы проблема балалармен жұмыс істеу барысында күн сайын

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog