|  | 

Жаңалық

Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

«ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстары жалпы бүгінгі күні аяқталуға жақын. Тестілеу материалдары 100 пайыз басылып шығарылды. Барлық аудиториялар тиісті құрылғылармен 100 пайыз жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттеріне бейне көрсетілім маниторлары да орнатылып бітті», — деді министр.

Оның атап өтуінше, ҰБТ өткізу бойынша барлық құзырлы органдардың жауапкершілігіне қатысты ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тиісті міндеттерді бекітті.

«Біріншіден, Ішкі істер министрлігіне қауіпсіздік шараларын қатамасыз ету, екіншіден, жергілікті атқарушы органдарға барлық ҰБТ өткізу пункттерін тосқауыл таспаларымен, залалсыздандыру туннельдерімен, тепловизорлармен, санитайзерлермен, залалсыздандыру кілемшелерімен, респираторлық маскалармен қамсыздандыру және қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр. Жалпы, ҰБТ өткізуге арналған дайындық жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Министрлік әкімдіктермен, құқық қорғау органдарымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, тиісті деңгейде ҰБТ-ны өткізуге дайын. Барлық ұйымдастыру жұмыстары бүгінгі күні аяқталуға жақын. Дайындық бар», — деді Асхат Аймағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

  • ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    Кезекті ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12% төмен болғанын атап өткен жөн. 2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өту барысын қадағалау мақсатында қалалар мен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog