|  | 

Жаңалық

ҰБТ2020: Бейнетрансляция өшіп қалған аудитория түлектері тестілеуді қайта тапсырады

ҰБТ-ның төртінші күні 77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысады деп жоспарланды. Оның 96%-ы тест тапсырды. Ережені 136 адам бұзған, бұл көрсеткіш — үшінші лектің қорытындысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Тоғыз түлектің қызуы көтерілді, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсыра алады», — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, емтиханды өткізу процесін бақылаудың нашар болуына байланысты білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық департаменттер мен Арнайы бақылау тобы өкілдерінің ұсынысымен екі аймақтағы мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды.

«Мемлекеттік комиссиялардың жаңа мүшелері ретінде қоғам қайраткерлері, облыстың белсенді мұғалімдері, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бекітілді. Сондай-ақ тестілеу өткізу пунктеріндегі бақылауды күшейту мақсатында ҰБТ өткізуде сын-қатер мүмкін өңірлерге Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері жіберіледі», — дейді министрлік.

Түркістан облысында орналасқан екі пунктіде (Шәуілдір ауылы, Жетісай қаласы) және Шығыс Қазақстан облысындағы екі пунктіде (Аягөз қаласы, Ақсуат ауылы) ұялы байланыс сигналдарын тежеуіштердің істен шығуына және бейнетрансляцияның өшуіне байланысты емтихандар басқа күнге ауыстырылды.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың мәлімдеуінше, бұл пунктерде талапкерлер 27 маусым (Аягөз қ., Ақсуат а., Шәуілдір а.) және 2 шілде күндері (Жетісай қ.) тестілеуді тапсыру мүмкіндігіне ие болады және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады.

Естеріңізге салайық, биыл мектеп бітірушілер мемлекеттік емтихандарды тапсырудан босатылды, талапкерлерге калькулятор пайдалануға рұқсат берілді, сондай-ақ тестілеу уақыты ұзартылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog