|  | 

Жаңалық

ҰБТ: 164 адам ЖОО-ға түсу мүмкіндігінен айырылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде тест тапсыру ережесін бұзған 164 адам жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігінен айырылды. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты.

21 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 15 өңірінде басталып, 161 пункттің 51-інде өткізілді. Оның 44-і ауылдық жерде орналасқан. Жалпы, ҰБТ-ның алғашқы күні барлығы 6 512 адам тестілеуге қатысуы керек еді. Бірақ, тестілеуге 6 186 адам келді. Яғни, 95 пайызды құрады», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, 2020 жылғы жаңашылдықтардың бірі ғимаратқа кіргізу барысында тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестіленушінің тестілеуге жіберілмеуі болды.

«Осы қағиданы ұстана отырып, 21 маусым күні республика бойынша 73 тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмеді. Сонымен қатар 91 тест тапсырушы ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Тәртіп бұзған тестіленушінің жалпы саны 164 болды. Олардың нәтижелері жойылып, осы жылы тестілеуге қатысу мүмкіндігінен айырылып отыр. Ал өткен жылы барлық тестілеу мерзімінде 24 тәртіп бұзу болған еді»,- деді Наужан Дидарбекова.

Орталық директорының орынбасары ҰБТ-ны сапалы және объективті өткізу мақсатында еліміздің өңірлеріне министрліктің 2 500 өкілі жіберілгендігін айтады.

«Оның ішінде 518 арнайы мониторинг тобының өкілі, сонымен қатар білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің жергілікті өкілдері де бар», — деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog