|  | 

Жаңалық

ҰБТ-ға дайындайтын орталықтардың жұмысына талдау жүргізіледі

«Астана — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мектеп пен колледж түлектерін тестілеуге дайындайтын орталықтардың жұмысын талдайды». Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді.

«Астана — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің білім беру бағыты аясында жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға, колледж түлектерін — кешенді тестілеуге дайындау процесіндегі жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылы ҚР колледждеріндегі мемлекеттік грантты бөлу сапасы туралы толассыз ақпарат келіп түсті», — деді Данияр Сабырбаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Д. Сабырбаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің биыл талапкерлердің колледжге түсуі мен гранттарды бөлу форматын өзгерту қажеттігін айтты.

«Өйткені бізге көптеген сұрақтар қойылады және министрлік біздің сөзімізді мақұлдап отыр. Биыл колледждерге түсу тәртібі түбегейлі өзгереді деп үміттенеміз. ҰБТ бойынша да шешілмеген мәселелер бар. Осыған байланысты жобалық кеңсе жоғары сынып оқушыларын тестілеуге дайындайтын «Достық», «Лидер» орталықтарының жұмысына талдау жүргізеді. Бұл орталықтарда дайындалған түлектердің тестілеуде жоғары балл жинауы сәйкестік пе, соны мұқият тексеру қажет», — деді ол.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog