|  | 

Жаңалық

ҰБТ сынағын тегін тапсыруға болады

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов хабарлады. Бұған дейін наурыздағы ҰБТ сынағының еліміздегі төтенше жағдайға байланысты кейінге қалдырылғанын жазғанбыз. Және ҰБТ сынағын тапсыру ақылы, яғни 260 теңге тұратын. Енді талапкерлер оны онлайн режімде тегін тапсыра алады. 

– 117 мың түлекке арналған жақсы жаңалық: Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бастамасын жалғастырып, testcenter.kz сайтымызда  Ұлттық бірыңғай тестілеудің онлайн байқау сынақтарын тегін еттік. Бұған қоса, тесттер базасын максималды түрде жаңартып, әр пәннен 70 бірегей нұсқа енгіздік,  – деп сүйіншіледі Д.Смағұлов өзінің фейсбуктегі ресми парақшасында.

Оның мәлімдеуінше, Ұлттық тестілеу орталығы коммерциялық ұйым болғандықтан өзін-өзі қаржыландырады. Өйткені мемлекет басты қажеттіліктерге (жиһаз, компьютерлер және т.б. техникаға), жөндеу жұмыстары немесе оқыту шараларына, сонымен қатар қызметкерлердің қосымша төлемдері мен сыйақыларына бюджет  (тек Орталық қызметкерлерінің 50% жалақысы бюджеттен келеді) бөлмейді. Сондықтан тест те ақылы болды. Бірақ еліміздегі төтенше жағдай кезінде талапкерлерге жағдай жасалып, ҰБТ сынағынан өтуге байланысты барлық төлемдер алынып тасталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және  ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

    Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді. «6 сәуірде басталатын IV тоқсанда мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқитыны белгілі. Министрлік қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы үздіксіз жалғастырып келеді. Бүгін сағат 15:00-де Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомстваның әлеуметтік

  • Елімізде қандай мектептер штаттық режимде жұмыс істейді?

    Елімізде қандай мектептер штаттық режимде жұмыс істейді?

    Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды. Оқушыларды қашықтан оқытудың төртінші тетігі – штаттық режимде оқу. Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп бар. Олар шалғайда орналасқан, 80-100 аралығында оқушы оқитын мектептер. Ол жақта коронавирус қаупі

1 пікір

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog