|  | 

Жаңалық

ҰБТ-ның екінші күні: 261 талапкер ереже бұзды, 19 баланың қызуы көтерілді

22 маусымда республика бойынша 9 748 талапкер ҰБТ-ға қатысып, оның 261-і аудиториядан шығарылды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

22 маусым күні республика мектептерінде ҰБТ-ға 9478 талапкер қатысқан. Оның 2,7 пайызы немесе 261-і ереже бұзып, аудиториядан шығарылды. 19 талапкердің немесе 0,2 пайызының дене қызуы көтерілген.

Нәтижесінде 9,5 мыңға жуық баланың 6 553-і немесе 69,1 пайызы шекті балды жинай алды. Ал 58 талапкер (0,6%) – 130 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Айта кетейік, ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады.

«Достар, егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырып, шекті балл жинаған болсаңыз, сол сертификатпен ЖОО-ға ақылы негізде түсе аласыз. Өйткені заңның кері күші болмайды, тіпті маусым айындағы тестілеуге кірмесеңіз немесе маусымдағы ҰБТ нәтижеңіз жойылған болса да, қаңтар айының ҰБТ сертификаты жарамды болып қала береді», — дейді тестілеу орталығы Facebook парашасы арқылы.

Еске салайық, тестілеудің алғашқы күні 6 186 адам қатысып, 164 талапкер биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Биылғы ҰБТ еліміздің барлық өңірінде 21 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog