|  | 

Жаңалық

ҰБТ-ның алтыншы күні 129 түлектің тест нәтижесі жойылды

26 маусым күні ҰБТ еліміздің 14 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаладағы 80 пунктіде өтті. Тестілеуге жалпы 14 768 түлек қатысты, оның ішінде 11 223 адам — қазақ тілінде, 3 535 адам — орыс тілінде тест тапсырды.

75 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сондай-ақ 54 түлек тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды», — делінген ҚР Білім және ғылым миинстрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, ҰБТ-ның бесінші күні 133 түлек тест тапсыру құқығынан айырылды.

ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады .

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

1 пікір

  1. Биылғы ҰБТ тапсыру кезіндегі ,балалардың шпорсыз,телефонсыз кіргендері балалардың,метептердің,ҰБТ ға дайындаймыз деп ашылып жатқан курстардың нәтижесін анық айқара ашып көрсетіп берді.Көп балалар проходной баллды әрең алды.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog