|  | 

Жаңалық

ҰБТ-дан шығарылған түлектер қаңтардағы сертификатпен оқуға түсе алады

ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық тестілеу орталығы түсіндірді.

Достар, егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырып, шекті балл жинаған болсаңыз, сол сертификатпен ЖОО-ға ақылы негізде түсе аласыз. Өйткені заңның кері күші болмайды, тіпті маусым айындағы тестілеуге кірмесеңіз немесе маусымдағы ҰБТ нәтижеңіз жойылған болса да, қаңтар айының ҰБТ сертификаты жарамды болып қала береді», — дейді тестілеу орталығы.

Айта кетейік, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Бұл ретте, оқуға түсушілер білім гранты конкурсына қатысу үшін маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет.

Биыл 21 маусым мен 5 шілде аралығында еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді.

Тестілеудің алғашқы күні 6 186 адам қатысып, 164 талапкер ереже бұзды және биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Ал 22 маусымда – тестілеудің екінші күні республика бойынша 9 748 талапкер қатысып, оның 261-і аудиториядан шығарылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog