|  | 

Керекті кеңес

Қ.Сәтбаев университеті мен Қазақ-Британ университеті біріктірлді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Мемлекет басшысы кездесу барысында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетін біріктірудің қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Е.Бейсембетовті Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындағанын айтты. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Жексенбек Мәкеұлы Әділов Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойды және ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру екенін атап өтті. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog