|  |  | 

Оқушы Үздік

Қызылордалық оқушылар smart-киіз үй ойлап тапты

Қызылордада мектеп оқушылары smart-киіз үй ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Робототехника федерациясы жыл сайын мектеп оқушылары мен студенттер арасында чемпионат ұйымдастырып келеді. Бүгін Қызылорда қаласында робототехникадан аталмыш шараның облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Онда Шиелі ауданындағы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің оқушылары Диас Шәмен Диас мен Жәния Әлібаева Smart-киіз үй жобасын көпшілікке таныстырды.

«Киіз үй роботтар көмегімен жүреді. Күн, жел энергиясымен жарықтандырылады.Киіз үй -қазақтың ғажайып туындысы. Сондықтан біз заманауи үйден гөрі киіз үйді қайта жаңғыртып, бүгінгі күнге лайықтап жасауды мақсат еттік», — деді жобаны жасаушының бірі Жәния Әлібаева.

Аталмыш шара барасында ғылыми жобалар бойынша қатысушы мектеп оқушылары әжелердің ұршығын айырбастайтын жіп иіргіш робот, желдеткіш, балама энергия көздерімен жұмыс істейтін наубайхана, шөп оратын машинаны бақылайтын ауылшаруашылық базасын ойлап тапқан. Аталған жобалардың барлығы дерлік смартфон арқылы басқарылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жүніс Омар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөз етілген білім саласына байланысты өз пікірін білдірген еді. Ұлттық қоғамдық сенім  кеңесінің  үшінші отырысы  пандемияға байланысты онлайн-форматта өткені баршамызға  мәлім. Онда  мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп, жиында   адам  капиталын дамыту, білім беру, денсаулық  сақтау мәселелері талқыланды. Президент  еліміз  коронавирус  пандемиясының  шарықтау  шегінен

  • Қазалыда Абай шығармаларын түгелдей жатқа білетін оқушы тұрады

    Қазалыда Абай шығармаларын түгелдей жатқа білетін оқушы тұрады

    Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентінде тұратын оқушы Аяулым Әзеннің есте сақтау қабілеті ерекше. Ол Абайдың 45 қара сөзін, 200-ден астам өлеңі мен 3 поэмасын жатқа біледі. Бүгінде Аяулым Әзен тоғызыншы сыныпта оқиды. Бала кезінен ол Абай өлеңдерін жаттауға құмартқан. Оған әкесі Жеңісбек Аралбаев әсер еткен. Содан бері Аяулым қазақтың ұлы ақынының

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog