|  | 

Керекті кеңес

ҚР БҒМ: Арнайы санаттағы оқушылар тапсырмаларды Қазпошта арқылы алады

ҚР БҒМ IV тоқсанда қашықтан оқытудың бірнеше жолын ұсынып отыр. Атап айтсақ, радио және телеарналар арқылы өткізілетін сабақтар, білім беру интернет-ресурстарын пайдалану, шағын жинақты мектептердегі дәстүрлі оқыту форматы және тағы бір бағыт – «Қазпошта» арқылы.

Бүгін Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов осы бағыттағы ынтымақтастық тетіктерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздегі кейбір елді мекендерде мектеп те, интернет те жоқ. Сондықтан онда тұратын мектеп жасындағы балалар көрші ауылдарға көлікпен арнайы жеткізіліп отыратын. Енді пандемия кезінде оқу материалдарын мұғалімдерден оқушыларға, оқушылардан мұғалімдерге кері жіберу жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Елімізде мұндай оқушылардың саны 20 мыңнан асады.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осыған сәйкес, оқушыларға арналған оқу материалдары «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшелері арқылы жеткізілетін болады. Ата-аналарға пошта байланысы қызметі үшін төлем жасаудың қажеті жоқ.

Қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқуға мүмкіндігі жоқ оқушылар туралы деректерді облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының өкілдері ұсынады.

«Айта кеткен жөн, шалғай елді мекендерде өмір сүретін оқушыларға арналған оқу материалдары санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, жеткізілетін болады»,-делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Шетелдегі қандастарға білім грантын көптеп бөлу ұсынылды — Ұлттық кеңес

    Шетелдегі қандастарға білім грантын көптеп бөлу ұсынылды — Ұлттық кеңес

    лттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов шетелдегі қандастарға көптеп грант бөлуді ұсынды, «Бізге қандастар үшін бөлінетін гранттардың санын арттыру керек. Себебі шеттегі қазақтарды отандық Жоғары оқу орындарына тарта білсек, оларды елде қалдыру мүмкіндіктері де арта түседі», — деді Асылбек Қожахметов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында. Ұлттық кеңес мүшесі сонымен қатар, Білім және ғылым

  • Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылады: Президент тапсырмасы

    Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылады: Президент тапсырмасы

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз оқулық дайындайтындардың жауапкершілігін заңнамалық түрде бекітуді тапсырды, деп хабарлайды. «Елімізде оқулықтардың сапасы мәселесі жиі көтеріледі. Білім сапасы айналып келгенде оқулықтың сапасына байланысты. Бұл – аксиома. Сол себепті ғылыми-практикалық сараптамаға қойылатын талапты едәуір арттырып, оқулықтардың апробациясын түпкілікті түрде көтеру керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің міндеті. Мен тіпті оны басымдыққа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog