|  | 

Жаңалық

Қашықтан оқыту әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді

Негізгі қашықтан оқыту процесі әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Елімізде қашықтан оқыту процесін бастауға дайындық жұмысы жүргізілуде. Жұмыс тобы құрылды. Әлем елдерінің қашықтан оқыту тәжірибесі зерделенді. Министрлікте құрылған жобалық кеңсенің ұсыныстарын ескере отырып, өз тұжырымдамамызды айқындадық. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады», — деді министр.

Оның атап өтуінше, телевидениеге 2 мыңнан астам сабақ түсірілетін болады. Қазіргі таңда мұндай сабақтардың 200-ге жуығы дайын.

«Бір айтып өтетін жағдай, бұл ресурстардың барлығы педагогқа және оқушыға қосымша ақпарат болып саналады. Негізгі қашықтан оқыту процесі әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді. Сабақты өткізу уақыты 30 минутты құрайды. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байланысты «Күнделік», «Білім ал» мектеп жүйелері арқылы орнататын болады. Барлық әдістемелер, нұсқаулықтар дайын»,- деді Дәурен Абаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және  ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

    Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді. «6 сәуірде басталатын IV тоқсанда мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқитыны белгілі. Министрлік қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы үздіксіз жалғастырып келеді. Бүгін сағат 15:00-де Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомстваның әлеуметтік

  • Елімізде қандай мектептер штаттық режимде жұмыс істейді?

    Елімізде қандай мектептер штаттық режимде жұмыс істейді?

    Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды. Оқушыларды қашықтан оқытудың төртінші тетігі – штаттық режимде оқу. Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп бар. Олар шалғайда орналасқан, 80-100 аралығында оқушы оқитын мектептер. Ол жақта коронавирус қаупі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog