|  | 

Редактор бағаны

Қашықтан оқу және оқыту

Бізде дәл қазір бұдан басқа таңдау бар ма? Жоқ!
Баяғыда біреу «қойды қай жетіскеннен жаяу бағамын, астымдағы атымнан сақау шықса» деген екен. Біздікі де сол жағдай ғой, қай жетіскеннен камера алдында әпенді әртіс боп сабақ өткен ұнайды дейсің, оқушымен емін-еркін тілдесіп, талқылап сабақ өтпегесін, екі жақтағы екі экранға айғайлап, ерігіп жүрген ешкім жоқ.
Елдегі жағдай елеңдетіп, әлемдегі жағдай алаңдатып отырғанда басқа жол жоқ. Иә, бастысы тек ел аман, жұрт тыныш болсын дейсің. Ұстазбын ғой, ұстаздығымды адал атқарайын деп атқа қонасың мұндайда.

Айтпақшы, кеше Марғұлан Сейсенбай ағаның кризис кездегі бизнес туралы Украиндықтармен жасаған онлайн сұхбатын тыңдап отырсам, дәл қазіргі кезде онлайн сабақ өтудегі ең танымал платформа Zoom бағдарламасына иегер компания бір айда 15 млрд доллар тауып, капитализациясы 43 млрд доллар болды-мыс. Иә, бұл нені білдіреді? Бұл біздің ғана емес, әлемнің басқа таңдауы жоқ, білімді ақсатпау үшін онлайнға көшті деген сөз.
«Сын сағатта адам не тәжірибе жинайды немесе өнер үйренеді» дейді ғұлама жұрт. Иә, бұл сын сағат білім саласына да үлкен тәжірибе мен жаңа бағыт сыйлары анық. Ол — онлайн білім беру.
Онлайн білім беруді дамыту — соңғы 5 жылда үздіксіз көтеріліп келе жатқан шаруа. Өзім де бұған дейін онлайн білім беруден қаншама ұсыныс түссе де, бас тарттым, себебі, сапаны түсіруден алаңдаған едім. Көз қорқақ, қол батыр, біз (Республикалық QAZBILIM орталығы) 18 наурыздан бері 10 күннен асты, неше жүз оқушыға онлайн білім беріп жатырмыз. Қазір алғашқы күндей емес, төселіп алдық.

Иә, жаңа бағыт жаңа мәселелерді туындатады, 6 сәуірден бастап мектептер де қашықтан білім береді. Ал, оған елдің интернет жылдамдығы, шарт жағдайы, әр отбасының мүмкіндігі жете ме?
Бұл үлкен сұрақ, елдің басты сұрағы, бірақ, бізде таңдау да жоқ, шегінер жол да жоқ.
Сондықтан, құрметті әріптестер, алаңдамай нар тәуекелге кірісіңіздер, «керек емес» деп кежеге кері тартқанмен де, сіздердің мәртебелеріңіз оқушыға сапалы білім бергенде ғана артады. Мемлекет төлейтін әр тиынды да адалынан алып, осындай сын сағатта елімізбен бірге болайық. Біз қашан да елдің ұрпағының білім алуын бір минут та кешеуілдетуге құқымыз жоқ!

Иә, ата-аналар, сіздер де дайындалыңыздар, бала өздеріңіздікі, балаларыңыздың болашағы өздеріңізге керек. Дәл қазір жылайтын мезгіл емес, жыланатын мезгіл емес, дәл қазір шыдайтын мезгіл. Сондықтан, балаларыңызды қашықтан оқуға дайындаңыздар. Білім ертеңі үшін керек.
Біз біргеміз!

Республикалық QAZBILIM орталығы директоры Аятжан Ахметжанұлы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мамандық таңдауда неге мән беру керек?

    Мамандық таңдауда неге мән беру керек?

    ҰБТ-ны аяқталуға жақын, біраз түлек қолда сертификат, университет және мамандық таңдау деген маңызды басқыш алдында тұр. Күнде жекеме ондаған оқушы мен ата-ана кеңес сұрап жазып жатыр. Бәрінің сұрағы “Қай мамандық жақсы, мынандай балмен қай мамандық, қандай университетке түсе аламыз?” деп сертификат суреттерін жібереді. Әр адамға жеке кеңес беруге үлгермегендіктен арнайы мамандық таңдау кезіндегі маңызды түйіндерді

  • ҰБТ 2020: 676 оқушының обалы кімде?

    ҰБТ 2020: 676 оқушының обалы кімде?

    Иә, ҰБТ-ның үш күні өтті, қазірге дейін тестілеуге кірген оқушының 676-сы мүмкіндігінен бір жылға шеттетілді. Бүгін бұл сан тағы да өсетіні анық. Осы оқушылардың обалы кімде? ҰБТ төңірегіндегі дауға сарапшы ретінде эмоциямызды басып, бір сараптама жасап өтелік. Иә, ҰБТ бала білімін 100% анықтайтын керемет жүйе емес. Бірақ, Қазақстанның дәл қазіргі жағдайында бұдан тиімді жүйе жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog