|  | 

Білім жарысы

Қарағандылық жас домбырашылар Чехиядан бас жүлдемен оралды

Қарағанды облысы Саран қаласының Балалар өнер мектебінің оқушылары Чехияда өткен «Пражские шедевры» халықаралық көп жанрлы байқаудың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чехияда өткен байқауға бірнеше елдің өкілдері қатысты. Дүбірлі додада Саран қаласының Балалар өнер мектебінің қазақ халық аспаптар бөлімінің «Үміт» домбырашылар ансамблі Гран-приді иленді. Жас шығармашылық ұжым қазақ халқының «Келіншек» күйі мен Сүгірдің «Бес жорға» шығармасын орындады.

 «Үміт» домбырашылар ансамблінің құрамында 9-12 жас аралығындағы сегіз қатысушы бар. Бұл жеңіс ансамбльдің барлық қатысушыларының қажырлы еңбегінің нәтижесі», — дейді Саран қаласының Балалар өнер мектебі директоры тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Светлана Салова.

Қарағандылық жас домбырашылар Чехиядан бас жүлдемен оралды
Қарағандылық жас домбырашылар Чехиядан бас жүлдемен оралды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog