|  |  | 

Жаңалық Ұстаз үні

Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

Елордада «Цифрландыру арқылы трансформация: Универсиеттер және сапаны қамтамасыз ету» атты екінші Еуразиялық форум өтіп жатыр.

Шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі уақытта білім саласындағы дүниежүзіндегі ең үлкен мәселе бұл соңғы 200-300 жылда қалыптасқан білім беру моделінің бүгінгі проблемаларды шеше алмауы болып отыр.

«Бір ғана мысал келтірейін. Біз сертификаттау, аттестаттау моделіне сәйкес адамды ресми бағалаймыз. Бірақ, оның 5 сыныптың 3 тоқсанында биологиядан алған «5 деген бағасы өміріне ешқандай қатысы жоқ. Ұлттық бірыңғай тестілеудің баллы да оның өміріндегі шешуші фактор болып қалыптаспайды. Оның өмірде табысты болуына ешқандай қатысы да, байланысы да жоқ. Яғни, біз қанша ақша жұмсап, инфрақұрылымды жақсартсақ та адамның өмірде табысты болуына, аяқтан тұруына, тұрақты дамуына біздің 20 жылымыз тікелей қатысты емес. Сондықтан білім беруде жаңа модель болуы негізгі мәселе болып тұр», — деді ол.

Саясат Нұрбектің айтуынша, қазір әлемде бұл бағытта үлкен ізденіс жүріп жатыр. Айталық, 2015 жылдан бастап ең дамыған елдер «Білім-2030» жобасын бастады. Аталған жобаның аясында 5 ірі мемлекет өздерінің білім моделіне эксперименть жасау үстінде. Яғни, алдағы 5, 10 жылда бүгінгі қалыптасқан білім моделін мүлдем түбегейлі басқа моделге көшіру мәселесі қозғалуда.

«Сондықтан бізде бұл мәселені талқылауымыз керек. Жалпы барлығы кадрлық саясатқа байланысты. Қанша министр ауысып жатыр. Әр министрдің өз көзқарасы бар. Ал білім саласы, оның табиғаты баяу қозғалады. Нәтижелерін тез арада көре алмайтын сала. Бір нәрсені өзгертсеңіз, оның нәтижесін 15-20 жылдан кейін ғана көресіз. Ал біз оның нәтижесін өлшемей, көрмей 5 жылдың ішінде бірнеше реформа бастап кетеміз», — деді С.Нұрбек.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

  • ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    Кезекті ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12% төмен болғанын атап өткен жөн. 2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өту барысын қадағалау мақсатында қалалар мен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog