|  | 

Ұстаз үні

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды.

«Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов заңда материалдық ынталандырудың бірнеше тетігі қарастырылғанын атап өтті. Мәселен, дәптерді тексергені үшін қосымша ақылар екі есеге артады. Тәлімгерлік үшін бір базалық жалақы немесе 17 500 теңге ай сайын төленеді.

«Педагогикалық шеберлік үшін барлық мұғалімге 30-50 процент арасында қосымша ақы қарастырылған. Тағы бір маңызды мәселе, біраз жылдан бері колледж мұғалімдері, қосымша білім беру мен балабақша мұғалімдері категория бойынша ақы алмаған. Енді, осы мәселе де қарастырылды. Аттестация бойынша қосымша ақылар төленеді», — деді Аймағамбетов сенаттың пленарлық отырысында.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде педагогтерге қосымша ақы төлеуге құқылы.

Бұдан бөлек, мұғалімдердің этика мәселелеріне баса назар аударылады. Ол үшін әрбір білім беру мекемесінде әдеп кеңестері жұмыс істейді.

«Ал материалды емес ынталандыру тетіктері аясында мұғалімдердің балаларына балабақшаға бірінші кезекте орын беру нормасы қарастырылып отыр. Барлық педагог алдағы уақытта 56 күндік демалысқа шыға бастайды. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін ер азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру нормасы кеңейтілді», — деп атап көрсетті Аймағамбетов.

QAZBILIM ақпарат.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қазақстан Республикасы Президентіне жолдау

    Қазақстан Республикасы Президентіне жолдау

    Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Ертең, еліміздің  білім және ғылым саласының өзекті  мәселелеріне арналған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің  кезекті отырысы өтеді. Соңғы жолдауы-ңызда Сіз осы саланы түбегейлі реформалаудың қажеттілігін атап өттіңіз. Кеңес мүшелері ертең қандай сұрақтар қоятынын білмеймін, бірақ біздің білім беру жүйесіндегі   нақты  проблема   тудырып  тұрған  күрмеуі шешілмеген  қиындықтар   туралы сөз   қозғалатынына сенімдімін. Баршаға белгілі, халықаралық

  • Министрліктің алдағы уақыттағы он қадамы қандай болуы керек?!

    Министрліктің алдағы уақыттағы он қадамы қандай болуы керек?!

    САЛАЛЫҚ МИНИСТР: «БІЛІМ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ, БАСҚА ЖОЛ ЖОҚ». Иә, басқа түскен қатер біздің елді ғана емес, адамзаттың алып елдерін де сынап жатыр. Бұл індет, ең әуелі сынға алғаны, денсаулық сақтау мен білім жүйесін, әлеуметтік қызмет көрсету салалардың қаншалықты сапалы екенін жайып салды. Жылдар бойғы реформалардың нәтижесі күлге ұшқанының куәсі болып, біздің елдегі білім жүйесінің «қотырларын»

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog