|  | 

Ұлт діңі

Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында — Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында. Бұл туралы кеше елордада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Осы елдің Президенті ретінде жастарды төніп келе жатқан сын-тегеуріндерге дайындау — шын мәнінде басым міндет саналады. Мен бұл жайында бірнеше рет айтқанмын, Қазақстанның болашағы шын мәнінде жастардың, ең алдымен білімді жастардың қолында.  Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметтеріне сәйкес, адами капиталдың әлемдік индексінде Қазақстан өткен жылы 35-орынға көтерілді, ал 2017 жылы ол 45-орында болған еді. Сонымен қатар, білім беруде 157 елдің ішінде 10-орында тұр. Әрине, бұл — жоғары, сенім ұялататын көрсеткіш. Дегенмен, біз осымен тоқтап қалмаймыз», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы осылайша заманауи білім беру моделі қалыптасатынын айтты. Білім беру құрылымдарын жүйелі дамыту шаралары қабылданып жатқанын атап өтті.

«Бізде 3 мың білім беру нысаны, оның ішінде шамамен 2 мың мектеп салынды. Қазақстандық оқушылар математика мен жаратылыстанудан үлгерім бойынша жаһандық рейтингтің алғашқы ондығына кірді. 500 колледжде 3 мыңнан астам кәсіпорынның қатысуымен дуальды оқыту енгізілді. Қазіргі уақытта 200 мың студент бірінші жұмысшы мамандығын тегін алып жатыр. Жоғары білімі бар 2 млн 800 мың кадр дайындалды. Жұмыс берушілер, оның ішінде біздің шетелдік инветорлар да кадр дайындау ісіне белсене атсалысып жатыр», — деді Қ.Тоқаев.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына жолдаған үндеуінің толық мәтіні

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына жолдаған үндеуінің толық мәтіні

    Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен-күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады. Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды.

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

    «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды. «Қазбілім»порталы оқырман назарына мақаланың толық мәтінін ұсынады. ****** Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog