|  |  | 

Оқушы Үздік

Қазақстандық оқушы АҚШ пен Гонконгтың 11 оқу орнынан шақырту алды

Оралдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Алина Молдағалиева АҚШ пен Гонконгтың 11 жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алтын белгіден» үміткер, озат оқушының өзі АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Drexel университетін таңдап отыр.

Талапты жас химиялық инженерия мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін алып шықпақ.

«Зияткерлік мектептің маған берген мүмкіндігіне зор жауапкершілікпен қараймын. Мен иеленген 11 оқу грантының алтауы толық грант болса, қалған университеттер оқуға жеңілдік ұсынды. Пенсильвания штатындағы Drexel университетінің бір артықшылығы, 1-курстан бастап компанияларда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Келешекте Отаныма келіп, химиялық инженерия саласын дамытқым келеді», — дейді Алина.

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Алина Молдағалиева — БҰҰ моделі мектеп конференциясының Best Speech Certificate (Үздік сөз) сертификат иегері, FLEX лидер алмасу бағдарламасының финалисі, химиядан халықаралық онлайн олимпиаданың жүлдегері (Мәскеу).

Алина 10-сыныпта оқып жүргенде, мектептен АҚШ-тың Johns Hopkins University оқу орнында өткен CTY (Center for Talented Youth) білім беру бағдарламасына жолдама алды. Әлемдегі дарынды оқушылар қатарында Алина жазғы лагерьде биоинженерия саласы бойынша ағылшын тіліндегі зерттеулерге қатысып, тәжірибе жинақтап қайтты.

А.Молдағалиева спорттан құралақан емес, шаңғы жарысынан қала чемпионы, спорттық-балдық би бойынша облыс жеңімпазы. Еріктілік жұмыстарына да белсенді араласады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • АҚШ-тың төрт бірдей оқу орны білім алуға шақырған қазақстандық оқушы кім?

    АҚШ-тың төрт бірдей оқу орны білім алуға шақырған қазақстандық оқушы кім?

    Қарағандылық Балнұр Түленованы бір мезгілде АҚШ-тың төрт университеті оқуға шақырып отыр. Ол халықаралық емтихан тапсырып, нәтижесін әлемнің бірнеше университетінің жалпы базасына жіберген, деп ҚазАқпарат агентігі хабарлады. Балнұр Түленова Қарағанды қаласының Нығмет Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген. «Менің тұлға ретінде қалыптасуым отбасымда басталды. Ата-анам маған сын-қатерді қабылдап, қорқыныш және кемшіліктермен күресу үшін қолымнан

  • Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жүніс Омар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөз етілген білім саласына байланысты өз пікірін білдірген еді. Ұлттық қоғамдық сенім  кеңесінің  үшінші отырысы  пандемияға байланысты онлайн-форматта өткені баршамызға  мәлім. Онда  мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп, жиында   адам  капиталын дамыту, білім беру, денсаулық  сақтау мәселелері талқыланды. Президент  еліміз  коронавирус  пандемиясының  шарықтау  шегінен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog