|  | 

Жаңалық

Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми заңдастыру ұсынылды

Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми түрде танылған білім беру формасының қатарына қосу ұсынылды.

Бұл ұсынысты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы айтты.

«Білім берудің сапасын арттырып, әрі оны бар аймақта қолжетімді ету үшін қашықтан және онлайн оқыту технологияларын жүйелі түрде және кеңінен енгізу сұранып тұр. Соңғы 10 жылда әлем бойынша қарқынды дамыған бұл технологиялар өз тиімділігін дәлелдеді. Әсіресе, жаһандық карантин салдарынан жаппай қашықтан оқытуға көшу бұл әдістердің зор мүмкіндіктерін көрсетті. Әрине, мектеп және колледждерді, ЖОО-ны толық онлайнға өткізу міндеті тұрған жоқ. Бұл мүмкін де емес», — деп атап өтті спикер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында.

Дегенмен, әр оқушының жеке қабілеті мен мүмкіндіктерін ескере алатын, сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыратын технологияларды білім беруге қазірдің өзінде енгізуге болады.

«Ол үшін алдымен қашықтан оқытуды Қазақстанда ресми түрде танылған білім беру формасы қатарына қосып, оны Білім туралы заңға кіргізу қажет деп ойлаймыз. Қашықтан оқыту технологиясын қолданатын оқу орындарына қойылатын әдістемелік және технологиялық талаптарды айқындап, оларға бөлек лицензия берген абзал. Бұл мәселе шұғыл шешілмесе, өз елінде отырып, шетелдік оқу платформаларын таңдайтын қазақстандық қашықтан оқушылар көбейеді. Қазірдің өзінде біздің есебімізше 30 мыңнан астам қазақстандық оқушылар иен студенттер қазақстандық бағдарлама, стандарт пен талапты мүлдем ескермейтін шетелдік онлайн мектеп пен университеттерде оқып жатыр. Бұл мәселеге қатысты ұсыныстар мен заңға енуі қажет толықтырулар мен өзгерістер жобасын министрлікке тапсырдық», — деді Р. Кенжеханұлы.

Бұған дейін Рауан Кенжеханұлы Қазақстан мектептерін бір ауысымда оқу режиміне көшіру жолдарын айтты және Қазақстанда ұлттық мектеп үлгісін жасауды ұсынды.

 

 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

  • ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    Кезекті ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12% төмен болғанын атап өткен жөн. 2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өту барысын қадағалау мақсатында қалалар мен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog