|  | 

Жаңалық

Қазақстандағы білім беретін ұйымдар қашықтан оқыту жүйесіне көшуі мүмкін бе

Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясынан сақтану үшін қашықтан оқыту жүйесін енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Бұл ретте Білім және ғылым министрлігі құжаттар пакетін дайындағанын атап өту керек. Оның арасында қашықтан оқыту туралы да ұсыныс бар. Кей оқу орындарында мұндай режім бұрын да қолданылғанын білеміз. Әсіресе реферат дайындау, емтихан тапсыру кезінде ондай болады. Сақтық шараларының бір тармағы ретінде Білім министрлігінің жоспарында қашықтықтан оқыту қарастырылған», — деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында ғана емес, колледждер мен кей мектептерді де қашықтан оқыту жүйесіне көшіруге болады.

«Егер техникалық жабдықталу деңгейі мүмкіндік берсе, біз әлбетте қарсы емеспіз. Бұл — қалыпты құбылыс. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Заманға сай ақпараттық технологиялардың игілігін пайдалана білуіміз керек», — деді ол.

Еске сала кетсек бұған дейін Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының Қазақстанға кіру ықтималдығына қатысты ғалымдар болжамымен бөліскен еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және  ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

    Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді. «6 сәуірде басталатын IV тоқсанда мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқитыны белгілі. Министрлік қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы үздіксіз жалғастырып келеді. Бүгін сағат 15:00-де Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомстваның әлеуметтік

  • Елімізде қандай мектептер штаттық режимде жұмыс істейді?

    Елімізде қандай мектептер штаттық режимде жұмыс істейді?

    Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды. Оқушыларды қашықтан оқытудың төртінші тетігі – штаттық режимде оқу. Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп бар. Олар шалғайда орналасқан, 80-100 аралығында оқушы оқитын мектептер. Ол жақта коронавирус қаупі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog