|  |  | 

Оқушы Үздік

Қазалыда Абай шығармаларын түгелдей жатқа білетін оқушы тұрады

Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентінде тұратын оқушы Аяулым Әзеннің есте сақтау қабілеті ерекше. Ол Абайдың 45 қара сөзін, 200-ден астам өлеңі мен 3 поэмасын жатқа біледі.

Бүгінде Аяулым Әзен тоғызыншы сыныпта оқиды. Бала кезінен ол Абай өлеңдерін жаттауға құмартқан. Оған әкесі Жеңісбек Аралбаев әсер еткен. Содан бері Аяулым қазақтың ұлы ақынының шығармаларына қызығушылығы артып, оның бүкіл шығармашылығын жаттап алуға көңіл бөлген. Сондай-ақ, Аяулымның есепке де жүйркітігі байқалады. Оның ұстазы Майра Омарова шәкіртінің өте ұқыпты екенін жеткізді. Абай шығармаларын бастан-аяқ жаттап алу — екі адамның бірінің қолынан келе бермейтін қасиет.

Оның айтуынша, Абайдың өлеңдерін жаттауда мен өз әдісіне сүйенеді. Ең басты назарда ұстанатыны — әрбір өлеңнің, әрбір шығарманың мазмұнына терең үңіліп, оны зердеме тоқу.

«Ғұламаның шығармаларын оқыған сайын менің жан-дүнием байып, рухани мол қазынаға ие боламын. Мен бала кезімнен оқуға көңіл бөліп, білім алуға әуес болдым. Осы арқылы мен білікті маман атанып, елге қызмет еткім келеді», — деді Аяулым..

Аяулым Абайдың қара сөздерін жатқа айтушылар арасындағы республикалық байққауда үшінші орын алған. Былтыр «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауында да Қобыланды батыр жырын жаттаушылар өрендер арасында жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Әкесі Жеңісбек Аралбаевтың айтуынша, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін барлық сабаққа жақсы қабілетін көрсетіп, озат оқушы атанып үлгерген. Зерек қыз Абайдың өлеңдерін алғашқыда бір-екі шумақтан зердесіне тоқыса, одан кейін өлеңді толығымен жаттайтын жағдайға жетті.

«Аяулым — қыздарымның тұңғышы. Әр ата-ана баласының жетістікке жеткенін, биіктерден көрінгенін қалайды. Мен де қызымның сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында көп қадағаладым. Әдепкіде математикаға деген құштарлығын ескеріп, осы бағыттарда жұмыс жасадық. Одан кейін, Абай атамыздың өлеңдеріне ден қойғыздым. Өлең-жыр кез келген жанға жігер мен шабыт сыйлайды. Есте сақтау қабілетін де арттыратыны тағы бар», — деді әкесі Жеңісбек Аралбаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • АҚШ-тың төрт бірдей оқу орны білім алуға шақырған қазақстандық оқушы кім?

    АҚШ-тың төрт бірдей оқу орны білім алуға шақырған қазақстандық оқушы кім?

    Қарағандылық Балнұр Түленованы бір мезгілде АҚШ-тың төрт университеті оқуға шақырып отыр. Ол халықаралық емтихан тапсырып, нәтижесін әлемнің бірнеше университетінің жалпы базасына жіберген, деп ҚазАқпарат агентігі хабарлады. Балнұр Түленова Қарағанды қаласының Нығмет Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген. «Менің тұлға ретінде қалыптасуым отбасымда басталды. Ата-анам маған сын-қатерді қабылдап, қорқыныш және кемшіліктермен күресу үшін қолымнан

  • Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жүніс Омар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөз етілген білім саласына байланысты өз пікірін білдірген еді. Ұлттық қоғамдық сенім  кеңесінің  үшінші отырысы  пандемияға байланысты онлайн-форматта өткені баршамызға  мәлім. Онда  мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп, жиында   адам  капиталын дамыту, білім беру, денсаулық  сақтау мәселелері талқыланды. Президент  еліміз  коронавирус  пандемиясының  шарықтау  шегінен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog