|  | 

Жаңалық

Шымкенттік мұғалім Ұлттық біліктілік тестіне өз орнына басқа адамды кіргізбек болған

Шымкенттік мұғалім Ұлттық біліктілік тестіне өз орнына басқа адамды кіргізбек болған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты. Бүгінге дейін 25 108 өтініш түскен болатын. Оның ішінде тестілеуден 12 549 педагог өтті, 50 пайызға жақын. Орташа балл — 61. Өкінішке орай пандемияға байланысты Алматы облысында тестілеуді әлі бастаған жоқпыз. Ал Шығыс Қазақстан облысында тестілеу 15 маусымда басталды», — деді Дидар Смағұлов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматта өткен аппарат жиналысында.

Осы ретте ол мұғалімдер арасында тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері әр облыста тіркеліп жатқанын айтты.

«Сонымен бірге өз орнына басқа адамдарды алып келген мұғалімдер де кездесті. Қазір 6 фактіге байланысты құқық қорғау органдарына өтініш бердік. Тіргеу жұмыстары басталды. Мұнан бөлек, мұғалімдер өз орындарына басқа адамды жалған жеке құжаттар жасау арқылы да кіргізуге тырысуда. Бұл іс бойынша да қосымша құқық қорғау органдарына хабар бердік. Шымкентте осындай жағдай тіркелген», — деді орталық басшысы.

Осыған орай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Жалған жеке куәлік жасау фактісі дәлелденді ме?», — деп сұрады.

«Бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына жүгіндік, дәлелденді. Музафпар Елемесов деген мұғалім тест тапсыруға жазылған еді. Бірақ, өз орнына басқа адамды алып келген. Ол картонды ламинаттап құжат жасап алған», — деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog