|  | 

Жаңалық

Шетелден келген 238 қандас Қазақстанда білім алатын болды

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы шетелден келіп, білім алуға ниет білдірген әрі 1 000 орындық грантқа сыймай қалған 238 өтініш берушінің мәселесін шешілуіне ықпал етті.

Айта кетейік, биыл шетелден келген қандас студенттерді дайындық курсына қабылдау емтиханы 13 қыркүйекте өтті. Ал 25 қыркүйекте талапкерлер жинаған балына қарай бөлінген 1 000 орынға қабылданған еді.

«Отандастар Қоры» КЕАҚ 1000 орынға сыймай қалған 238 өтініш берушінің жайы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне хат жолдады. Ал Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Үкімет отырысында осы мәселені көтерді. Бүгінгі күні мәселе оң шешімін тауып, 238 үміткер елде қалып, білімін тегін жалғастыруға мүмкіндік алды», — делінген баспасөз баянында.

Тоқтала кететін жайт, шет елдерде тұратын қандастарымыздың Қазақстанда білім алуы жылдан жылға жүйеленіп келеді. Этникалық қазақ жастарының ЖОО-ға түсуі кезінде қазақ тілі мен Қазақстан тарихы сынағынан қиналмауы үшін аталған оқу орындарында оларға арналып дайындық бөлімдері ашылған. Отандастар қоры білім іздеп келген шет елдік қазақ жастарының жатақханамен қамтамасыз етілуіне сеп болған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog