|  | 

Білім жарысы

Түркістандық 9 оқушы халықаралық жарыста жүлде еншіледі

Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Өмірбек Жолдасбеков атындағы ІХ халықаралық математика және механикадан ғылыми-зерттеу сайысы өтті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәстүрге айналған байқау атақты ғалым, көрнекті қоғам қайраткері Ө. Жолдасбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Байқауға Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Қазақстанның барлық аймақтарынан  200- ге жуық мектеп оқушылары қатысты.

Байқаудың мақсаты — дарынды оқушыларды қолдау, олардың математика және механика ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Дәстүрге айналған халықаралық байқауда жас таланттар 3 күн бойы өздерінің әртүрлі ғылыми жобаларымен зияткерлік сайысқа түсті.

Халықаралық байқауға Түркістан облысынан 14 оқушы жолдама алып, дарынды оқушылар  өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қазылар алқасының назарына ұсынды. Нәтижесінде 9 оқушы жүлдегер атанды.  Халықаралық жоба жарысында экономика пәні бойынша 11-сынып оқушылары Бекжан Дәуіржан, Серік Айжан 2-орынды иеленсе, Нұрбах Амирхан, Камила Амангельдиева қола жүлдегер атанды. Математика және механика пәндерінен 11-сыныптың оқушысы Марал Маханбет 2-орын алса,  Диана Дарибаева, Диана  Мисирова, Асылжан Қалдыбек, Мухриддин Шарапов 3-орынды қанағат тұтты.

Сайыс соңында жеңімпаздар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің арнайы дипломдарымен және медальдарымен марапатталды. Білімімен оза шапқан өрендерді Түркістан жұртшылығы құрметпен күтіп алды.

Айта кетейік, Халықаралық байқауға Кентау қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатынан 14 оқушы қатысты. Оның 3-і күміс медаль алса, ал 6-ы қола медальға ие болды.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog