|  | 

Керекті кеңес

Сіз қандай мұғалімсіз?

Сіз қандай мұғалімсіз? Ұстаз болуыңызға не әсер етті?

Мұғалімдер төрт түрге бөлінеді екен:
1. Идеалисттер.

Идеалист мұғалімдер — қоғамға білім арқылы әсер ете аламыз дегендер. Қоғамда өзгеріс енгізуге талпынғандар. Оқушылармен жұмыс істегенді ұнатады. Мұғалімдіктен кетуді ең аз ойлайтын топ.

2. Практиканттар.

Бұл категориядағы мұғалімдер қоғамға өзгеріс енгізуді көп ойламайды. Бұлар өз мамандығын сүйгені үшін сабақ береді. Бұлар дәріс бергенді ұнайды. Өз жұмыстарына қатты берілген. Өздерін әрқашан кәсіби дамытып отырады. Осы ұстаздар баратын жұмыс орнын таңдап барады.

3. Рационалисттер.

Бұл топтағы ұстаздар қоғамға өзгеріс те енгізгісі келеді, айлық та алғысы келеді, демалыс та алғысы келеді. Бұл топтағылар өздерінің ықпалы болатын жерде жұмыс істегенді қалайды. Сонымен қатар, өмір сүру ортасы жақсы жерді таңдайды екен. Бұл топтағы мұғалімдердің жартысы соңғы алты айдың ішінде мұғалімдіктен кетуді ойлапты.

4. Орта жолды ұстанғандар.
Бұл топтағы ұстаздар мұғалімдер бөлмесінде өзінің ықпалын көрсеткісі келмейтіндер, яғни дауыстарын шығармайтындар. Ерекше болып көрінбейтіндер. Бұл ұстаздардың жұмысқа келуіне көптеген факторлар әсер еткендер (пәніне деген маxаббаттан бастап, ақша табу секілді). Бұл топтағылар отбасы үшін жұмыс орнын ауыстыруға дайын адамдар және де мұғалімдікті оңай тастап кете алатын адамдар.

Жазба Азамат Қайратханның «ФБ» желісіндегі әлеуметтік жазбасынан алынды.

Tags

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog