|  | 

Керекті кеңес

Студенттер жоғары шәкіртақыны қандай жағдайда алады

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова студенттердің шәкіртақысын көтеру жоспары туралы айтты

Шәкіртақыны 30 пайызға дейін көтеру әлеуметтік тапсырысты орындау арқылы жүргізілуде. Бұл тұрғыда волонтерлік қозғалысқа қатысты болып тұр, яғни репетиторлықта көмек көрсететін, қарттар үйлерінде, балалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ басқа да салаларда әрекет ететін студенттер қамтылмақ», — деді министр елордадағы көпбалалы аналармен кездесу барысында.

Сонымен қатар, ведомство басшысы оқу бағдарламаларын өзектілендіру тақырыбына тоқталды.

«Қазіргі кезде бірінші кезекте ІТ-саласына, робототехника, балалардың фунционалдық сауаттылығына екпін қойылып отыр. Атап айтқанда, баланың өз білімін жұмысында пайдалана білуі маңызды. Ал кәсіби-техникалық оқу орындары мен ЖОО-ларда оқу бағдарламаларын өзектілендіру — ол еңбек нарығының талабы», — деді К. Шәмшидинова.

Бұл тұрғыда биылдан бастап заңнама бойынша ЖОО-ларда бакалавриаттың 80 пайызына дейін, магистратураның 90 пайызға дейін және докторантураның 95 пайызына дейін дербес өздерінің оқу бағдарламаларын қайта қарай алады.

«Ал колледждерге қатысты біз осы жұмыстарды қазіргі кезде атқарудамыз. Осы орайда басты мақсат — ол дуальды  оқыту, яғни кәсіпкерлерді біздің оқу бағдарламаларына көбірек тарту», — деді министр.

Естеріңізге сата кетейік, жыл басында Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке волонтерлікпен айналысатын ЖОО студенттерінің шәкіртақысын 30 пайызға арттыруды тапсырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Шетелдегі қандастарға білім грантын көптеп бөлу ұсынылды — Ұлттық кеңес

    Шетелдегі қандастарға білім грантын көптеп бөлу ұсынылды — Ұлттық кеңес

    лттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов шетелдегі қандастарға көптеп грант бөлуді ұсынды, «Бізге қандастар үшін бөлінетін гранттардың санын арттыру керек. Себебі шеттегі қазақтарды отандық Жоғары оқу орындарына тарта білсек, оларды елде қалдыру мүмкіндіктері де арта түседі», — деді Асылбек Қожахметов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында. Ұлттық кеңес мүшесі сонымен қатар, Білім және ғылым

  • Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылады: Президент тапсырмасы

    Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылады: Президент тапсырмасы

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз оқулық дайындайтындардың жауапкершілігін заңнамалық түрде бекітуді тапсырды, деп хабарлайды. «Елімізде оқулықтардың сапасы мәселесі жиі көтеріледі. Білім сапасы айналып келгенде оқулықтың сапасына байланысты. Бұл – аксиома. Сол себепті ғылыми-практикалық сараптамаға қойылатын талапты едәуір арттырып, оқулықтардың апробациясын түпкілікті түрде көтеру керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің міндеті. Мен тіпті оны басымдыққа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog