|  |  | 

Оқушы Үздік

Семейлік оқушы Ресейден жүлдемен оралды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында химия пәнінен 53-ші халықаралық Менделеев олимпиадасынан семейлік оқушы жүлдемен оралды.

Олимпиадаға әлемнің 30 елінен жас химиктер командалары келіп, өз елдерінің  намысын қорғады.

Қазақстан намысын республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарында бірнеше рет дайындықтан өткен 8 оқушы қорғады.

Солардың бірі Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Рүстем Шердебаев. Жарыста ол жақсы нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

«Ресейдегі білім бәйгесі мен үшін үлкен тәжірибе болды. Олимпиада екі кезеңге бөлінген, әрқайсы 5 сағаттан тұрды. Біз бұл олимпиадада теориялық және тәжірибелік күрделі жаттығуларды орындадық. Жүлдегерлер қатарынан көрініп, еліміздің атын шығаруға қосқан азды-көпті үлес үшін мақтанамын. Химия пәнін терең түсінуге өз білгендерін аямай жанын салып жүрген ұстаздарыма үлкен алғысымды айтамын»  -дейді Рүстем.

Жалпы Рүстем бұған дейін Ақтөбе қаласында өткен республикалық олимпиадаға қатысып, 2 -орын алған. Бұдан бөлек өткен жылы А.Бектұров атындағы ІV Халықаралық химия олимпиадасында  ІІІ орынға ие болған. Ал 2013 жылы  «Тарих» пәнінен URFODU ғылым негіздері бойынша IX Халықаралық олимпиадада  II дәрежелі дипломмен марапатталған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жүніс Омар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөз етілген білім саласына байланысты өз пікірін білдірген еді. Ұлттық қоғамдық сенім  кеңесінің  үшінші отырысы  пандемияға байланысты онлайн-форматта өткені баршамызға  мәлім. Онда  мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп, жиында   адам  капиталын дамыту, білім беру, денсаулық  сақтау мәселелері талқыланды. Президент  еліміз  коронавирус  пандемиясының  шарықтау  шегінен

  • Қазалыда Абай шығармаларын түгелдей жатқа білетін оқушы тұрады

    Қазалыда Абай шығармаларын түгелдей жатқа білетін оқушы тұрады

    Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентінде тұратын оқушы Аяулым Әзеннің есте сақтау қабілеті ерекше. Ол Абайдың 45 қара сөзін, 200-ден астам өлеңі мен 3 поэмасын жатқа біледі. Бүгінде Аяулым Әзен тоғызыншы сыныпта оқиды. Бала кезінен ол Абай өлеңдерін жаттауға құмартқан. Оған әкесі Жеңісбек Аралбаев әсер еткен. Содан бері Аяулым қазақтың ұлы ақынының

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog