|  |  |  | 

Жаңалық Оқушы Үздік

Семейлік оқушылар домбырашы робот құрастырды

Семейде физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Бақытбек Орынбаев пен оқушылар Мирас Мұратқанов, Нұрбол Мақтаев домбырада ойнай алатын робот құрастырды, деп хабарлайды Қазбілім порталы білім ошағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнертапқыштар бұл еңбектерін Абайдың 175 жылдығына арнап отыр.

«Әр оқу жылы басталарда алдымызға мақсат қоямын. Ортақ ойымыз жаңа бір туындыны жасап, құрастыру арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа еліту, олардың қызығушылығын арттыру. Роботқа домбырамен күй тарттыру идеясы біраз уақыт ойда жүрді. Сәті осы уақытта түсіп отырған жобаны жүзеге асыруға толық 1 ай уақыт жұмсадық. Алдымен роботты құрастырып, содан-соң олардың пернені басушы, ішекті қағушы сияқты әрбір бөліктерін жеке-жеке жасадық», –дейді Зияткерлік мектеп мұғалімі, жоба жетекшісі Бақытбек Нұрлыбекұлы.

Күйші роботты құрастырушылардың сөзіне қарағанда, бұған дейін осыған ұқсасы болған. Тек ол бір күйді орындаумен ғана шектелетін. Ал, мына жаңа құрылғы домбырадағы барлық пернені еркін басып, ішекті қалауынша қаға алу артықшылығына ие. Ал егер күйді орындауда қателіктер болса, онда пропорционалды дифференциалдаушы реттегіш арқылы өзі есептеп, реттеп отырады.

Робот домбырада күйді компьютерге енгізілген ноталар арқылы орындайды. Құрастырушылар күйдің орындалу жылдамдығын да қалауынша өзгертулеріне қол жеткізген. Енді қазірдің өзінде жоба дана Абайдың «Торжорға», халық күйі «Қара жорға» мен халық әні «Еркем-айды» орындай алады. Ұстаз бен шәкірттер өз туындыларының кез келген шығарманы нота арқылы орындауға қауқарлы екеніне сенімді.

Естеріңізге салсақ, Бақытбек Нұрлыбекұлы бұған дейін 2018 жылдың түлегі Әділ Ордаев есімді оқушысымен бірлесіп құлтемірге қара жорға билеткен еді. Енді міне тағы бір тың жаңалығымен жұртшылықты таңғалдыруда.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    «ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстары жалпы бүгінгі күні аяқталуға жақын. Тестілеу материалдары 100 пайыз басылып шығарылды. Барлық аудиториялар тиісті құрылғылармен 100 пайыз жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттеріне бейне көрсетілім маниторлары да орнатылып бітті», — деді министр. Оның атап өтуінше, ҰБТ өткізу бойынша барлық құзырлы органдардың жауапкершілігіне қатысты ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тиісті міндеттерді бекітті. «Біріншіден, Ішкі

  • Асқар Мамин ҰБТ өткізу жайында: Ең басты міндет — балалардың қауіпсіздігі

    Асқар Мамин ҰБТ өткізу жайында: Ең басты міндет — балалардың қауіпсіздігі

    Ұлттық бірыңғай тест өткізу барысында балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. «Бұл мәселе өте маңызды. 20 маусымнан бастап түлектер ҰБТ тапсыра бастайды. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық түлек қатысады. Қалыптасып отырған жағдайды ескерсек, ҰБТ дәстүрлі режимде, бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog