|  | 

Білім жарысы

Республикалық «Қазбілім» орталығында ашық есік күні өтеді…

Республикалық «Қазбілім» орталығы келесі жылдан бастап мектеп бітіру емтиханы мен ұлттық біріңғай тестке дайындық жаңа форматта екенін ескере отырып, шілде айынының 15 жұлдызынан бастап орталығымызда дайындық топтарын құра бастаймыз туралы хабарлаған едік, қазіргі таңда әр бағытта топтар жинақталып дайындық басталып кетті.

Осыған байланысты ата-аналардың және оқушылардың сұранысы бойынша 5-10 тамыз аралығында 5 күн ашық есік күні өтеді. Ашық есік күні барысында кез-келген сабақты сынақ негізде тегін тыңдауға, кез-келген мұғалімнен тегін кеңес алуға болады.

Дайындық барысында ұлттық бірыңғай тесттің жаңа форматына түсіндіру, мамандық таңдау мен таңдау пәндерін таңдаудың жаңа стандартын түсіндіру жұмыстарынан басталады. Сондай-ақ, мемлекеттік мектеп бітіру емтиханы туралы да толық мәлімет беріледі. Орталыққа жазылған кез-келеген оқушы үшін кеңес алу тегін. Сондай-ақ, аптасына бір мәрте жаңа форматтағы тест сынағы тегін жүргізіледі. Сонымен бірге, дайындық барысында қосымша материалдар және басқа керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етіледі. 

Мысалы биылғы ҰБТ — да болатын өзгерістерді қысқаша айтар болсақ:
ҰТО ұсынып отырған емтиханның жаңа форматының 2004-2016 жылдары өткізілген дәстүрлі ҰБТ дан айырмашылығы:
1) ҚР ЖОО — ға түсу үшін таңдаған мамандықтарына сәйкес екі таңдау пәні болады.
2) Талапкерлер екі таңдау пәнді бір күнде емес әр күнде тапсырады.
3) Талапкерер неше пән тапсырамын десе өз еркі, әр күні әр бейіндік пән тапсырып бағын сынай алады, бұл тапкерлерді көп мамандық таңдауға мүмкіндік береді.
4) Емтиханды бір емес үш рет тапсыруға мүмкіндігі бар, мысалы грант үшін Наурыз және шілде айында екі рет тапсырып, өз қалауындағы нәтижесін грантқа үміткер ете алады. Ал, ақылы оқу үшін тамыз айында тапсыра алады.
5) Мамандықтарға сәйкес таңдау пәндері:
Туризм: География, шет тілі
Фармация: химия, биология
Жалпы медицина: Биология, химия
Есеп және аудит: Математика, география
Мұнай газ ісі: Математика, физика
Халықаралық қатынастар, География, шет тілі

….

Ұлттық бірыңғай тестке және мемлекеттік емтиханға дайындықты Астана қаласындағы халықаралық «Нұрорда» қазақ-түрік лицейі мен басқа да дарынды балаларға арналған үздік мектептердің ұстаздары жүргізеді. Кемелді, кешенді дайындық қана ертеңгі табыстың кілті болмақ, сондықтан 2017 жылғы мектеп түлектерін қазірден бастап сапалы дайындыққа шақырамыз. Жүйелі дайындық сізге үздік нәтиже сыйлайды, біздің өткен жылғы оқушылардың ҰБТ көрсеткішінің орташа нәтижесі 105 ұпай, қазір барлық түлектеріміз мемлекеттік грантқа үміткер болып отыр.

Сондай-ақ, 5 тамыздан бастап «Назарбаев зияткерлік мектебіне», «Қазақ-Түрік лицейіне», Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне, дарынды балаларға арналған №81 «ASTANA ENGLISH SCHOOL» гимназиясына дайындық, дарынды балаларға арналған №82 дарын мектептеріне дайындық топтарын құрып, балаңыздың үздік мектептерде білімін жалғастыру арманын іске асыруға мүмкіндік жасаймыз.

Астананың дарынды балаларға арналған үздік мектептеріне  дайындықты, сол мектептердің ұстаздары және басқа да, Астананың ең үздік деген іріктелген мұғалімдері береді.

Табыстың кілті нақты мақсат пен нартәуекелден басталады, себебі, Ойшыл ойланғанша, тәуекелші ісін бітіреді, — деген ұлағаты ой бар емес пе атам қазақта!

Тек сіздерге сәттілік тілей отырып, Республикалық «Қазбілім» орталығы ұжымы

Бізбен байланыс:

Тел: 8 775 431 8008;  8 707 431 8008; 8 (7172) 43-24-11

E-mail: kazbilim@gmail.com

https://www.facebook.com/kazbilim                      http://vk.com/kazbilimkz

https://www.instagram.com/kazbilim/                 https://twitter.com/kazbilimkz

Астана қаласы, Жайдарман көшесі 1 үй, 1 қабат.
(Бауыржан Момышұлы көшесі мен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысы)

Толық ақпарат: kazbilim.com

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog