|  | 

Білім жарысы

Республикалық «Ең үздік 20 мұғалім» байқауына қатысыңыздар!

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Бұл – әйгілі орыс педагогі К.Д.Ушинскийдің сөзі. Шындығында да, ұстаздар үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық шыңдалу үстінде болатын ұлағатты жандар. Себебі олар бір орында тұрған судың бұзылып кететінін біледі, сондықтан да әрдайым жаңалыққа ұмтылады, жетістікке жетеді. Бүгінде өзінің еңбек жолында бірнеше белесті бағындырған ұстаздар баршылық. Осы орайда Martebe.kz Республикалық білім сайты «Ізденіс жолы» қоғамдық қорымен бірлесіп Республикалық «Ең үздік 20 мұғалім» байқауын ұйымдастыруда.

Республикалық «Ең үздік 20 мұғалім» байқауы – бойында озық тәжірибе мен білім берудегі нағыз педогогикалық шеберлік біте қайнасқан білікті ұстаздарымыздың еңбегі бағаланатын шығармашылық орта. Байқау шығармашылықпен жұмыс істейтін, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетті игерген жан-жақты дамыған, жоғары интеллектуалды деңгейдегі дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында қолға алынды.
Ұстаздардың еңбек өтілі, өз жетістіктері мен шәкіртінің жетістіктері басты назарға алынатын бұл байқауға қатысуға үмңткерлер әр айдың 1 мен 30 аралығында өз жұмыстарын ұсына алады. Әр айда озық шыққан ұстаздар дауыс беру арқылы анықталады. Сайыстың қорытындысы мамыр айында шығады. Республика ұстаздарының ішіндегі белсенділігі, креативтігі, өзінділігі, шығармашылық ізденісі үздік деп танылған жеңімпаздар арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

2Кез келген конкурс – ұстаздар өміріндегі ең маңызды сәт, барлық мұғалімдер үшін жаңа шабыт. Ендеше шабыттарыңыз шыңдала түссін! Байқауға қатысып, бақтарыңызды сынап көріңіздер! Байқау шартын http://martebe.kz/uzdik_mugalim_konkurs/ сілтемесі арқылы біле аласыздар. Жетістіктеріңізді жария етіңіздер, шәкірттеріңіз сіздерді көріп шабыттансын! Себебі, ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқандай:

Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Әсел Сарқыт

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

3 комментария

  1. Серік Ұзақбайұлы

    Әй ,бәрекелді ұстаз мерейі осындайдан арттады!

  2. Азигул

    Бұл мұғалімдер үшін таптырма мүмкіндік . Шабытына шабыт қосылсы нұр ғой»

  3. Мен осы порталды тапқаныма өте қуаныштымын. Осы ұжым мүшелеріне тек шығармашылық өрлеу тілеймін. Мен осы порталмен біргемін. Өз үлесімді қосуға дайынмын.Рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog