|  | 

Білім жарысы

Пән олимпиадасының жеңімпазы ҰБТ -дан босатылмайды.

Халықаралық олимпиада жеңімпазы атанған оқушылар ҰБТ-дан босатылмайтын болады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат

Соңғы үш жылда 1 032 түлек ҰБТ-дан босатылған. Бұл туралы бүгін «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтың директоры Шолпан Қирабаева мәлім етті.

«Олардың бірінші санаты — «Алтын белгі», екінші санат — Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері, үшіншісі — xалықаралық олимпиада және ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары», — деді Ш. Қирабаева.

Халықаралық олимпиада және ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары мектепте қорытынды емтиxан тапсырады. Кейін олардың бағалары сертификат балына ауыстырылады. Осылайша олар білім гранттары байқауына қатыса алады.

Оның сөзіне қарағанда, келесі жылдан бастап, xалықаралық олимпиада медальдары мен дипломдарына ие болған мектеп түлектері да Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға міндетті болады. 

Жасұлан Жолдыбаев 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog