|  | 

Жаңалық

Педагогты басы артық жұмысқа жеккендер айыппұл төлеуі мүмкін

Үкімет отырыстарында «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы бойынша мұғалімнің кәсіби жұмысына негізсіз араласу жағдайынан қорғану құқығы берілетіні бірнеше рет айтылған болатын.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасында педагогты кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмысқа тартуға тыйым салатын арнайы бап қарастырылған.

«Педагог өзінің кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартылатын болса, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл салынады. Бірінші рет мұғалімнің құқығы бұзылған жағдайда — ескерту, екінші рет  қайталанса — айыппұл салынады. Айыппұлдың көлемі әлі қарастырылуда», — делінген мнистрліктің ресми жауабында.

Ведомство мамандарының айтуынша, аталмыш заң жобасы қазіргі уақытта мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың келісуінде жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми заңдастыру ұсынылды

    Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми заңдастыру ұсынылды

    Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми түрде танылған білім беру формасының қатарына қосу ұсынылды. Бұл ұсынысты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы айтты. «Білім берудің сапасын арттырып, әрі оны бар аймақта қолжетімді ету үшін қашықтан және онлайн оқыту технологияларын жүйелі түрде және кеңінен енгізу сұранып тұр. Соңғы 10 жылда әлем бойынша қарқынды дамыған бұл технологиялар өз

  • Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырды

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейтуді тапсырды. «Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймынг. Біз «Педагогтар мәртебесі» заңы аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде ЖОО оқытушыларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай, Үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыру керек», — деді Президент

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog