|  |  | 

Оқушы Үздік

Павлодарда 7-сынып оқушысы бес тіл меңгерген

Руслан Қуанов қазақ, ағылшын, қытай, орыс және француз тілін толық меңгерген.

Дарынды бала — белгілі бір қызметте, салада өзінің жарқын, айқын, керемет жетістіктерімен ерекшеленетін бала. Дәл осындай бала облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатында оқиды, — деп хабарлады Павлодар облыстық білім басқармасы. – Жетінші «Б» сыныбының оқушысы Руслан Қуанов өзінің туабіткен қабілет-дарынының арқасында жастайынан шет тілдерін үйренуде жоғары нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта Руслан бес тілді — қазақ, ағылшын, қытай, орыс және француз тілдерін жетік меңгеріп, жетілдіруде».

Ол бес жасында-ақ ағылшын тілін үйрене бастаған. Бүгінде кез келген тақырыпта еркін сөйлесуге мүмкіндік беретін Upper-Intermediate деңгейін иегерген, деп атап өтті облыстық білім беру басқармасы.

«Алты жасынан бастап Руслан қытай тілін үйренуге қызығушылық танытқан және қазір төртінші деңгейге жетті. Қытай тілін үйренуге деген құштарлығының арқасында Руслан Қытайға екі рет барып келген. Қытай тілін үйрену қызық болғаны сонша, ол 2014 жылы алғаш рет Үрімші қаласына турист болып барды, — деп атап өтті басқарма. — Ал 2015 жылы ол Циндао қаласына тіл үйренудегі машығын дамыту үшін сапар шеккен. Руслан облыстық қытай тілі олимпиадасында екі рет жоғары нәтиже көрсеткен».

Тілді жақсы білуі Русланға Жоғары лига құрамында олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берді. Оқушы жоғары сынып оқушыларымен тең дәрежеде екінші және үшінші орындарды иеленді. Павлодар облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы мектеп-интернат студенттер арасындағы қытай тілі олимпиадасының бастамашысы болды.

«Русланның дарыны тек тіл үйренуде ғана көрінбейді, ол сонымен қатар математика және химия сияқты нақты ғылымдарға да қызығушылық танытады. Бұл пәндерге деген құштарлығы оны біраз жетістіктерге жеткізген. Төртінші сыныптан бастап «Зерде» ғылыми жобалар байқауына қатысып, жүлделі бірінші, екінші орындарға ие болды. Ол өз жұмысында шет тілдерін үйренудің маңызы туралы мәселе көтерді және бұл тек бастамасы ғана» делінген хабарламада.

Кейін сол жарыста, бірақ қолданбалы математика бағытында ол «Графика көмегімен есептерді шешу» жобасымен екінші орын алды. Р.Қуанов жаратылыстану-математика пәндері бойынша өз білімін көрсетті, ол бесінші-алтыншы сынып оқушылары арасында өткен облыстық олимпиадада бірінші және екінші орындарды иеленген.

«Жоғарыда аталған барлық жетістіктері үшін Руслан Қуановтың есімі «Білім саласындағы үздіктер» атты үлкен халықаралық энциклопедияға енген. Бұл энциклопедияға ТМД барлық аймақтарынан келген оқушылар мен ұстаздардың есімдері кірген. Редакциясы Мәскеуде орналасқан», — деп атап өтті білім басқармасы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • АҚШ-тың төрт бірдей оқу орны білім алуға шақырған қазақстандық оқушы кім?

    АҚШ-тың төрт бірдей оқу орны білім алуға шақырған қазақстандық оқушы кім?

    Қарағандылық Балнұр Түленованы бір мезгілде АҚШ-тың төрт университеті оқуға шақырып отыр. Ол халықаралық емтихан тапсырып, нәтижесін әлемнің бірнеше университетінің жалпы базасына жіберген, деп ҚазАқпарат агентігі хабарлады. Балнұр Түленова Қарағанды қаласының Нығмет Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген. «Менің тұлға ретінде қалыптасуым отбасымда басталды. Ата-анам маған сын-қатерді қабылдап, қорқыныш және кемшіліктермен күресу үшін қолымнан

  • Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жүніс Омар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөз етілген білім саласына байланысты өз пікірін білдірген еді. Ұлттық қоғамдық сенім  кеңесінің  үшінші отырысы  пандемияға байланысты онлайн-форматта өткені баршамызға  мәлім. Онда  мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп, жиында   адам  капиталын дамыту, білім беру, денсаулық  сақтау мәселелері талқыланды. Президент  еліміз  коронавирус  пандемиясының  шарықтау  шегінен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog