|  | 

Білім жарысы

«Нұрлы жол» аясында 10 ЖОО іріктелуде

Елбасының соңғы Жолдауы аясында елімізде ең үздік деген 10 ЖОО іріктеліп алынатын болады. Бұл жайында бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды baq.kz.

Тахир Балықбаев өз сөзінде Елбасымыздың елімізді индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде 10 ЖОО базасында мамандар дайындаудың ғылым жəне экономика салаларымен байланысын қамтамамыз етуді, сонымен қатар, 2017 жылға дейін аталған оқу орындарының материалдық-техникалық базасын құруға 10 млрд теңгені бөлуді тапсырғандығын атап өтті.
— Біз аталған бастамының жоғарғы білікті техникалық мамандарды дайындауда жаңа мүмкіндіктердің жолын ашатынына толық сенімдіміз. Сол себепті бүгінгі таңда университеттеріміздің ұстаздары да студенттері де оны өте ерекше ықыласпен қолдап отыр. Бүгінгі күні еліміздің аймақтықтарында 11 ЖОО-нын анықтадық. Олар қазір арнайы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл соныңда солардың ішінен 10 ЖОО іріктелініп алынып, олар жаңа технологиялық үрдістерді есепке ала отырып, шетелдік əріптестерімізбен бірлесіп əзірленген жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын болады, — деді вице-министр.
Бүгінгі күні таңдалып алынған 11 ЖОО: Астана қаласында құрылыс материалдарын өндіру, ақпараттық технологиялар, агро өнеркəсіп кешендері бойынша мамандарды дайындауға Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ агро-техникалық университеттері, еліміздің орталық аймақтарында салалық мамандандыру үрдістерін ескере отырып Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті осы тізімге еңгізіліп отыр. Шығыста машина құрылысы, металлургия, энергетика жəне мұнай-химия салалары бойынша мамандарды дайындау үшін Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Алматы қаласынан əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, Қазақ Ұлттық агро университттері базалық оқу орындары болады. Оңтүстік жəне солтүстік өңірлерден М.Əуезов атындағы ОМУ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстанда Атырау мұнай жəне газ институты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog