|  | 

Керекті кеңес

Мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тартқан басшылар айыппұл арқалайды — заң жобасы

Қазақстанда алдағы уақытта мұғалімдерді міндетінен тыс жұмысқа тартқан лауазымды адамдар жазалануы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева Астанада «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау жиынында тілшілерге айтып берді.

«Педагогтар мәртебесі туралы» ұсынылып отырған заң жобасында мұғалімге тіл тигізіп, оның кәсіби жұмысына араласқысы келген лауазымды адамдардың жауапкершілігі көзделген. Осы заң арқылы ондай санаттағы адамдарға алдымен ескерту беріп, кейін әкімшілік жауапкершілікпен айыппұл салу көзделген. Мәселен, мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тартатын болса, ол лауазымды адам алдымен ескерту алып, кейін 10 АЕК көлемінде, яғни 25 250 теңге мөлшерінде айыппұл арқалайтын болады», — дейді Айгүл Мұқашева.

Ол сонымен бірге, мұғалімдердің қызметінен тыс жұмыстарға не жататынын түсіндіріп берді.

«Ол жұмыстардың санатына — сенбілік жатады. Өзіңіз білетіндей, біздің жұмыс берушілер әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастыруды жақсы көреді. Ол жұмыстардың санатына үй аралауды да жатқызуға болады», — дейді ол.

Айгүл Мұқашева қаланы учаскеге бөліп тастап, мұғалімдерді аралату жұмысы барын жасырмады. «Мұғалімнің негізгі міндеті — баланы тәрбиелеу және оқыту. Басқа ешқандай жұмыспен мұғалім басын ауыртпауы керек. Міндетінен тыс жұмысқа мұғалімді мектеп директорымен бірге жергілікті атқарушы органдардың да қызметкерлері тартқысы келеді. Бұйрық қайдан келіп жатыр? Мектеп директорының тек бұйрықты орындайтыны белгілі. Сол себепті, бұл мәселеге кең ауқымда қарау керек», — дейді Айгүл Мұқашева.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Шетелдегі қандастарға білім грантын көптеп бөлу ұсынылды — Ұлттық кеңес

    Шетелдегі қандастарға білім грантын көптеп бөлу ұсынылды — Ұлттық кеңес

    лттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов шетелдегі қандастарға көптеп грант бөлуді ұсынды, «Бізге қандастар үшін бөлінетін гранттардың санын арттыру керек. Себебі шеттегі қазақтарды отандық Жоғары оқу орындарына тарта білсек, оларды елде қалдыру мүмкіндіктері де арта түседі», — деді Асылбек Қожахметов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында. Ұлттық кеңес мүшесі сонымен қатар, Білім және ғылым

  • Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылады: Президент тапсырмасы

    Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылады: Президент тапсырмасы

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз оқулық дайындайтындардың жауапкершілігін заңнамалық түрде бекітуді тапсырды, деп хабарлайды. «Елімізде оқулықтардың сапасы мәселесі жиі көтеріледі. Білім сапасы айналып келгенде оқулықтың сапасына байланысты. Бұл – аксиома. Сол себепті ғылыми-практикалық сараптамаға қойылатын талапты едәуір арттырып, оқулықтардың апробациясын түпкілікті түрде көтеру керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің міндеті. Мен тіпті оны басымдыққа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog