|  | 

Жаңалық

«Мен қазақпын»: Павлодар оқушыларының челленджі әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді

Павлодар қаласының орта мектептері арасында еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж басталды.

Абзал Қабдраш есімді азаматтың Facebook-тегі парақшасында жариялаған видеодан мектеп оқушыларының елімізде хитке айналған Қуандық Рақымның «Мен қазақпын» әнін қосыла шырқағанын көруге болады.

«Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі Тәуелсіздік мерекесіне арналған челленджді «Жебе» және «Қағандық» қоғамдық бірлестігінен қабыл алып, №19 жалпы орта білім беру мектебіне жолдайды», — деді оқушылар әнді шырқамастан бұрын мектеп ұстаздарының бірі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде жарияланғанына тәулік болмса да бұл видеоны 10 мыңнан астам адам тамашалап, оның 400-ден астамы лүпіл басқан. Бөліскен адамдардың қатары 600-ге жуықтайды. Пікір жазушылардың да легі қалың.

«Бұл мектептің директоры да мықты патриот адам! Оның шәкірттері де сөзсіз елін сүйер, рухта болары һақ!!!», — деп пікір қалдырады Айна Кәрімова есімді желі қолданушы.

«Тәуелсіз елдің болашағы осылар аман болсын!!! Керемет!», — деді Еркеғали Жанғазы есімді азамат.

Естеріңізде болса, Қуандық Рақымның «Мен қазақпын» әнін 2018 жылдың 7 мамырында Қарулы күштердің 3 мың сарбазы жауынгерлік парад кезінде шырқаған еді шыққан еді.

Бұл туындының сөзін ақын Нұржан Өмірбай, ал әнін Жарасхан Төлебай есімді жас композитор жазған. Ән авторы Жарасқан Төлебайдың айтуынша, «Мен қазақпын» әні кейінгі буын өкілдерінің шетел музыкасына еліктеуі өршіп бара жатқан уақытта, елдің рухын оятатын қазақ әні жат елдің даңғазасына тойтарыс болсын деген мақсатта туындаған.

«Қазақстан әскері — еліміздің тірегі. Бір мемлекеттің әскері сапта тұрып, «Мен қазақпын» әнін шырқап тұрса, әрине бұл мен үшін зор қуаныш, үлкен жетістік», — деді Ж.Төлебай.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады

    Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтарды артық шаруадан босату жұмыстары туралы айтып берді. «Педагог жұмысының сапасы оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, педагог артық шаруамен айналыспауы керек. Балалардың білімі мен тәрбиесіне жұмыс істейтінін түсінуі керек. Сондықтан, біз әрі қарай педагог мәртебесін көтеруді, әріптестерімізді қолдау мен дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», — деді

  • Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    «ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстары жалпы бүгінгі күні аяқталуға жақын. Тестілеу материалдары 100 пайыз басылып шығарылды. Барлық аудиториялар тиісті құрылғылармен 100 пайыз жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттеріне бейне көрсетілім маниторлары да орнатылып бітті», — деді министр. Оның атап өтуінше, ҰБТ өткізу бойынша барлық құзырлы органдардың жауапкершілігіне қатысты ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тиісті міндеттерді бекітті. «Біріншіден, Ішкі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog